27
Қазан

«Ақ жол»: Салық салу жүйесі салық төлеушінің түсінуіне қолжетімді болуы тиіс - қолданыстағы салық заңнамасы тексеруді қажет етеді

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 27 қазаны



Салық салу жүйесі салық төлеушінің түсінуіне қолжетімді болуы тиіс - қолданыстағы салық заңнамасы тексеруді қажет етеді. Бұл туралы Азат Перуашев кеше Мәжілістің пленарлық отырысының бірінші оқылымында салық салу және кедендік әкімшілендіру заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді.
«Бірыңғай салық саясатының тұжырымдамалық проблемасына жеке тоқталу қажет. ұсынылған құжатта салық заңнамасына жекелеген баптарының сол немесе өзге де редакцияларға енгізілетін, Салық кодексінің өзінен басқа тағы да 5 заң жобалары көрсетілген, - деп атап өтті және 2008 ж. Бастап Қазақстанда салық салу мәселелері бойынша әртүрлі заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 138 заңнамалық актілері қабылданғанын еске сала кетті.
 
'Олардың бірқатары тіпті Салық кодексінің өзінде де көрсетілмеген!', - деп толықтырды азат Перуашев.
«Ақ жол» көшбасшысының  пікірінше, бұл қуүйлесімді түсіну кейде тіпті салық мамандарының өздеріне де мүмкін емес. Сонымен қатар, салық салу жүйесі салық төлеушінің  түсінуіне қарапайым және түсінікті болуы тиіс, әсіресе, салық салу департаменттерінің қажеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ шағын және орта бизнес өкілдері үшін. Ал бұл - отандық бизнестің 95-96%-ы.
Осыған байланысты, «Ак жол» фракциясы қолданыстағы салық заңнамасын  тексеру, салық нормаларын мен бейінді емес заңдардан алып тастау мен мәліметтердің бірыңғай кодекске біріктіру  туралы мәселе қоюды қажетті деп санайды.
 
«Бұл жай ғана тілек емес, лай суда балық ауламай, Салық кодексі бойынша адал жұмыс істеу үшін ұмтылатындарға маңызды қажеттілік,», - деп атап өтті Перуашев.
 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.