«Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде Ұлттық банктің Әлихан Бөкейханның 150 жылдығының құрметіне шығарған мерейтойлық монетасының таныстырылымы өтті
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 18 қазаны
«Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде Ұлттық банктің Әлихан Бөкейханның 150 жылдығының құрметіне шығарған мерейтойлық монетасының таныстырылымы өтті. Шараға Мәжіліс депутаттары, партия жетекшілері және белсенділері, белгілі алаштанушы-ғалымдар, Ұлттық банктің, БАҚ өкілдері қатысты. Таныстырылым «Ақ жол» өңірлік филиалдарының бейнеконференциялық байланыс режімінде өтті.
Биыл қазақтың көрнекті мемлекеттік қайраткері, «Алаш» қозғалысының көшбасшысы, 'Алаш-Орда' қазақ ұлттық автономиялық үкіметінің төрағасы - Әлихан Бокейханға 150 жыл толды. Әлихан Бокейхан ХХ ғасырдың басында қазақ халқының мемлекеттілік белгілерін ғана емес, сондай-ақ КСРО құрамындағы Қазақ автономиялық республикасының (кейіннен ҚазССР) аумақтық шекараларының құқықтық бекітілуінде айрықша тарихи рөл атқарды. Сөйтіп, Ә. Бөкейхан 2016 жылы 25 жылдығы аталып өтетін Қазақстанның ұлттық Тәуелсіздігінің және қазіргі заманауи Қазақстан Республикасының құрылуының жаршысы болды.
Осыған орай, «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы құрметіне коллекциялық мерейтойлық монета жасау туралы бастамамен шықты.
Бастама қолдау тауып, бүгін Ұлттық банктің өкілдері монетаның таныстырылымын өткізді.
Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы құрметіне шығарылған мерейтойлық монетасы айналымға 100 мың данамен шығарылды, және Ұлттық Банктің деректері бойынша, 2 күннің ішінде бүкіл таралым сатылып кетті.
Осыған орай, таныстырылымда аталған монета таралымын қайталау, сонымен қатар оны бағалы металдардан жасау туралы ұсыныстар айтылды.
«Ақ жол» ҚДП 2015 жылдың қарашасында Әлихан Бөкейханның 150-жылдығы құрметіне арналған іс-шараларын жалпыұлттық деңгейде ұйымдастыру жөнінде ҚР үкіметіне депутаттық сауал жолдағанын және оны қолдаған жауап алынғаны туралы еске сала кетейік. Содан кейін көп кешікпей ЮНЕСКО-ның Бас ассамблеясы Әлихан Бөкейханның мерейтойлық іс-шараларына халықаралық мәртебе беру және оны ЮНЕСКО шеңберінде өткізу туралы қарар қабылдады.
Бұдан басқа, 2015 жылдың 23 желтоқсанында «Ақ жол» партиясы «Қазпошта» АҚ басшылығына Әлихан Бөкейханның 150 жылдығының құрметіне арнайы пошта маркасын шығару туралы ұсыныспен шыққан, ал ағымдағы жылдың 12 шілдесінде «Ақ жол» партиясында осы марканы айналымға шығарудың салтанатты рәсімі болып өтті.
'Ақ жол' партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруда.