17
Қазан

«Ақ жол» партиясы: климат бойынша Париж келісімін іске асыру барысында, Қазақстанға жеке экономикалық мүддесі туралы ұмытпаған жөн

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылғы 17 қазан



«Ақ жол» партиясы: климат бойынша Париж келісімін іске асыру барысында, Қазақстанға жеке экономикалық мүддесі туралы ұмытпаған жөн – бұл туралы өткен сәрсенбі күні «Ақ жол»  партиясының төрағасы Азат Перуашев Мәжілісте  көрсетілген келісімді ратификациялау барысында мәлімдеді.
«Тақырыбы жасыл экономика болатын, бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін қабылдаушы ел ретінде, бізге Париж келісімі бойынша дауласқан тіпті тиімсіз болар еді, біз оны тек қолдай аламыз», – деді депутат сөзінің басында.
«Бірақ мен әріптестердің назарын әсіресе, өткен тәжірибені есепке ала отырып, мәселенің  практикалық жағына аударғым келеді,– деп толықтырды ол. - Өздеріңізге белгілі, бұдан бұрын парниктік газдар шығарындыларын азайту тақырыбы бойынша Киоттік келісім жұмыс істеді. Екінші хаттамаға қосылған осы келісім Қазақстанға халықаралық квоталар нарығында қатысуға мүмкіндік береді, бұл энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларын  дамытуға арналған сыртқы инвестицияларды  елге тартуға мүмкіндік берер еді.
Алайда, түсініксіз себептермен қажетті мерзімде орындамағандықтан Қазақстан мұндай мүмкіншіліктен айырылды.
Есесіне, 2018 жылдан бастап шығарындылар  квоталарының ішкі нарығы енгізілетін болады, бұл енді Экологиялық кодексінде көзделген. Яғни, шетелдік инвестицияларды тартудың орнына, қазақстандық кәсіпорындарды өздері пайда көріп отырған жұмыстан төлеуді міндеттейді. Іс жүзінде, отандық өндірушілерге тағы бір бейресми салынатын салық енгізіледі. 
Жарайды, егер ол нақты күшқұнды және лас өндірістегі газды алауларда жағатын мұнайшылар немесе металлургтерге қатысты болса ғой. Бірақ олармен қатар үлкен соманы мысалы, малшыларды төлеуге мәжбүрлейді,– қоршаған ортаға «эмиссия» болып саналатын көң үшін. Бұл қалжың емес, ал нақты перспектива.
Біз сіздермен, құрметті әріптестер, жаңа ғана «жайлымдар туралы» заңды бір ауыздан қолдадық, өйткені ол мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Бірақ неге басқа заңда - Экологиялық кодексте – мал шаруашылығын тығырыққа тіреуге мәжбүр етеміз? – деп назаланды «Ақ жол» фракциясының жетекшісі.
Мәселенің екінші жағы – барлық төлемдер түсініксіз пайдаланылатын әлдебір Қорға ішкі квоталар арқылы жіберіледі. Менің ойымша, мемлекеттік органдарға осындай күмәнді практиканы - әрбір қолайлы жағдайда, ашық емес қорлар құруды тоқтату қажет. Онда ақшаны бизнестен міндетті түрде салық түрінде жинайды; ал олардың қалай жұмсалатыны – ешкімге белгісіз.
Менің ойымша, бізге Экологиялық кодексіне қайта оралып және осы нормаларды қайта қарастыруымыз қажет, өз өндірушілерімізді құртпай, оларды қолдау үшін тетіктер енгізу керек», - деп түйіндеді Азат Перуашев.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік Фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруда.