Ақ жол ' жетекшісі Оңтүстік Қазақстан облысында болды
«Ақ жол» баспасөз қызметі, 2016 жылдың 22 шілдесі
Қазақстан Республисының Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Перуашев Оңтүстік Қазақстан облысында іс-сапарында 22.07.2016 жылы сағат 10:00-де Шымкент қаласындағы «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нде болды. Партия төрағасы аталған кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, Шымкент қаласындағы Ворошилов елді-мекенінде тозығы жеткен ескі кәріз-құбырларын жаңасына ауыстырып жатқанын барып көріп, жұмысшылар алдында сөйлеп, олардың қойған сұрақтарына жан-жақты нақты жауаптар берді. Кездесуге 60 – адам қатысты.
Осы күні сағат 12:00-де А.Перуашев осы «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің тағы бір нысаны қаладан шыққан лас қәріз суларын тазалау ғимаратын (очистное сооружение) аралап көріп еңбек ұжымымен кездесіп қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесуге 120 адам қатысты. Берілген сұрақтардың көбісі жер мәселесіне, кәсіпкерлерге мемлекеттік жәрдем алу, нашар отбасыға мемлекеттік жәрдем, халықты тұрған үймен қамтамасыз ету, ауылды дамыту, ауыл шаруашылығында қордаланған мәселелер туралы сұрақтар қойылды, А.Перуашев сұрақтарға нақты және тиянақты жауап қайтарды. Кездесу халықтың көңілінен шығатындай жағдайда өтті.