13
Шілде

Үкімет 'Ақ жолдың' балалардың ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерде тіркелуіне тиым салу туралы ұсынысын қолдады – бұл мәселе жұртшылықтың талқылауына шығарылатын болады

«Ақ жол» баспасөз қызметі, 2016 жылдың 13 шілдесі
Үкімет 'Ақ жолдың' балалардың ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерде тіркелуіне тиым салу туралы ұсынысын қолдады – бұл мәселе жұртшылықтың талқылауына шығарылатын болады. Бұл туралы жуырда Премьер-министр Мәсімовтың ҚДП фракциясының сауалына берілген ресми жауабынан белгілі болды.
Ағымдағы жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күнінде 'Ақ жол' партиясының депутаттары қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік орындар, жеке және заңды тұлғалар баланың денсаулығына, рухани дамуына әлеуметтік ортаның, ақпараттың, үгіт-насихаттың кері әсер етуінен қорғауын ескертті.
Балалардың өз өзіне қол жұмсауының негізгі себебінің бірі - әлеуметтік желілердегі суицидті насихаттайтын ақпараттарға кедергісіз қол жеткізуі деп ойлайды «Ақ жолда». Әлеуметтік желілердегі жасөспірімдер үшін келесі қауіпті аймақ әлеуметтік көнбеушілік пен терроризмді, сонымен қатар радикалды секталарға шақыруды насихаттайтын ақпараттар болып табылады.
«Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жастарды азғындауға бағытталған ақпараттар кері әсерін тигізуде. Олар жастарды қоғамға қарсы және жағымсыз сексуалдық тәртіпсіздіктерге итермелейді»,- делінген сауалда.
Айтылған мәселені шешуде Европа елдерінде пайдаланып жүрген тәжірибесін пайдалану керек деп ойлаймыз.
Қазіргі кезде Бұқаралық ақпарат құралдарында Европарламенттің үкімі қызу талқылануда. Онда 2017 жылдан бастап 16 жасқа толмаған балалардың ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерде тіркеліп, өз парақшасын ашуға тиым салу туралы айтылған. Европарламенттің қаулысына сәйкес Компаниялар әлеуметтік желілерде тіркелуде ата-анасының рұқсатын алуды немесе байланысты тиым салуға мүмкіндіктерді қарастырулары қажет.
Осыған байланысты, 'Ақ жол' депутаттық фракциясы Премьер-министрдің Мәсімовтің атына осындай шектеулерді  енгізу туралы ұсынысымен жүгінді.
'Тиімді тетіктерін құру мен және ақпараттық қауіпсіздікке  балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бағытында Ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселесі өзекті. Бұл тұрғыда, Қазақстан үшін, әрине, балаларға, олардың ата-аналарының келісімінсіз желілердегі әлеуметтік аккаунттарды бастауға тыйым салуға бағытталған арнайы алгоритмдер әзірлеу бойынша Еуропарламент бастама қызығушылықты көрсетеді.
«Баяндалғанды ескере отырып, оны қоғаммен, БАҚ және басқа да мүдделі органдармен талқылап, ақпарат және коммуникациялар Министрлігіне осы мәселені талдау тапсырылды», - делінген Үкіметтің жауабында.
 Қолданыстағы ұлттық заңнамаға аталған түзетулерді кіргізу қазақстандық балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы нақты қадам болады,- деп сенеді «Ақ жолда».
«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде.