«Ақжолдық» депутат Алтайда жүр
«Ақ жол» партиясынан Мәжіліс депутаттығына сайланған халық қалаулылылары бүгінде аймақтарда саулаушылармен кездесулер өткізуде. Сондай кездесулердің бірі Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында болып өтті. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов осынау шекаралық аймақтың қордаланған проблемалармен танысып, жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады. Әсіресе, шекаралық аймақта тұратындарды жерді сату немесе жалға беру мәселелері қатты толғандырады. Депутат бұл мәселеге байланысты өз көзқарасын баяндады.
Б.Дүйсембинов сондай-ақ осы ауданның Теректі ауылында ашылған кеңес үкіметінің ұжымдастыру кезеңіндегі солақай саясаттың құрбандарына арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты. Тарихта «Ақнайман қырғыны» деген атпен қалған сол зұлматта Қытайға босып бара жатқан мың жарым бейкүнә қазақты дәл осы жерде кеңес шекарашылары пулемётпен қырып салған.
Зар заманның нәубеті ала келген,
Ел ауған, шекара асқан, адам өлген.
Қызылдар қырып салған дүйім бір ел,
Шашылып тау ішінде қала берген.
Солардың күніренген жан дауысы,