13
Қараша

Санат жоқ 13.11.2017

А.Перуашевтің «Жер қойнауы туралы» заң жобасын талқылау бойынша Мәжілістің пленарлық отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті әріптестер!

«Ақ жол» фракциясы заң жобасын тұтас алғанда қолдайды, себебі ол саланың, ең алдымен, геологиялық барлау секторындағы инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Бүгін, әлемде инвестициялар үшін жоғары бәсекелестік болып жатқанда, экономикаға жаңа ресурстар қажет болып жатқанда, заң жобасының осы артықшылықтары анық.

Сол уақытта біздің фракция бірқатар маңызды мәселелерге назар аударғысы келеді.

Ең алдымен, біздің алдымызда біздің табиғи байлықтарымызды шұғыл түрде барлау, сату және жеу міндеті болмау керек екенін түсіну қажет. Міндет басқада - Құдайдың берген табиғи ресурстары экономиканың ары қарай дамуына тірек болу керек, экономиканың индустрияландыруын, әртараптандыруын және жаңғыртуын дамытуда іс-әрекеттердің тізбегін тудыру қажет.

Осы мәселелердің барлығы қазақстандық қамту түсінігімен тікелей байланысты.

Заң жобасы ресми түрде мәлімдейтін ашықтықта, айқындықта, бәсекелестікте 'Ақ жол' фракциясында дәл осы бөлім бойынща бірқатар наразылықтар бар - іс жүзінде бұл қағидалар үлкен күмән келтіреді.

Мысалы, қазақстандық қамту туралы ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызу ұсынылады. Не себепті? 2002 жылдан бастап бүкіл әлемде, дамыған мемлекеттерде өндіруші компаниялардың айқындығы туралы бастама ұсынылған кезде, - шетелдік инвесторлардың қызметі туралы ақпараттың ашықтығы әлдеқашан ережеге айналған. Оған қоса, Қазақстан осы бастамаға 2005 жылы қосылған. Сондықтан біздің қоғам шетелдік және отандық жер қойнауын пайдаланушылар отандық өндірушілер мен мердігерлерден жергілікті жабдықтарды, жергілікті тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы талаптарды қаншалықты орындап жатқаны туралы, жергілікті қызметкерлерді қаншалықты адал тартып жатқандығы туралы білуге толық құқылы. Бұл мәселе шынымен де өткір және барлығымыз ол туралы жақсы білеміз.

Біздің әріптесіміз Пшембаев айтып кеткен тағы бір қағида - заң жобасымен жер қойнауын пайдаланушыларға кейбір 'ерекше' жағдайларда шетелде тендер жүргізу құқығы берілген. Бұл әлдеқашан болды, тендерлер Лондонда, Дубайда, оффшорлық аймақтарда өткізілген кезде біз бұдан өттік. Бұл неге әкелгенін де біз жақсы білеміз: қазақстандық мердігерлер және өндірушілер өз мемлекетінде де инвестерлерге қызмет көрсету мүмкіндігінен де айырылып қалған еді.

Мен қазір осы қағиданы алып тастау туралы депутаттардың ұсынысын қолдаған инвестициялар жөніндегі министрге, Қасымбек мырзаға ризашылығымды білдіремін. Жер қойнауын пайдаланушылардың барлық тендерлері тауарлар мен қызметтердің отандық өндірушілері оларға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болу үшін Қазақстан Республикасының территориясында жүргізілуі тиіс.

'Ақ жол' фракциясына кәсіпорындардың өтініштері түсіп жатқан келесі резонансты қағида  - жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары реттеу жөніндегі (және дауларды қарастыру) міндеттерін ҰПП кезінде аккредиттелген қауымдастықтың тұсындағы әлдебір комиссияға берілуі.

Теориялық тұрғыдан бұл әдемі болуы мүмкін, бірақ кәсіпорындардың алдында тұрған реалияларды ескеру қажет. Бүгінгі таңда, әдетте, кез келген ірі жер қойнауын пайдаланушының айналасында дәстүрлі жеткізушілер мен мердігерлердің ортақтастығы қалыптасқан, олар онда ешкімді жақындатпауға тырысады. Онда кейде пара беру мен корпоративті сыбайлас жемқорлық орын алады, ол туралы да айту керек. Кем дегенде, бәсекелестікті қарапайым шектеу  және қосылу.

Егер сатып алуларды реттеу жөніндегі міндеттерді жер қойнауын пайдаланушылар қауымдастығына беру көзделсе, бұл корпоративті сыбайлас жемқорлықты ресмилендіру ұсынысы болып табылатыны туралы бірден айтамын, біз бұған жол бермеуіміз керек.

Онда тағы бір парадокс пайда болады: кодекс жобасында жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулардағы жергілікті қамту саясаты мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылатыны қарастырылады. Мысалы, шетелдiк инвесторлардың сатып алуларында қазақстандық тауарлардың кем дегенде 50%-ын қамтамасыз ету жөнiндегі талап енгізіледі. Мемлекеттік орган осы міндеттердің орындалуы үшін жауапты.

Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларын реттейтін құзыреттілік мемлекеттік емес бірлестікте жауапкершіліксіз беріледі.

Қызығы: мемлекет орган әсер ету тетіктерін жоғалтып, бұрынғыдай жауапты болады; ал қауымдастық реттеу жөніндегі құзыретке ие болып, ешқандай жауапкершілікке тартырмайды. Мұндай тәсілде, әріптестер, біз қазақстандық қамту туралы қағидадан іс жүзінде бос декларацияны жасаймыз.

Бір қызығы, бұл қағидалар ДСҰ талаптарын орындау түрінде уәкілетті органмен енгізіледі. Мен әзірлеушілерге олар ДСҰ-ның агенті болардың алдында Қазақстанның патриоттары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлері болулары керек екендігін туралы айтқым келеді.

Әйтпесе, кейбір мемлекеттік қызметшілер мемлекеттің ішіндегі кәсіпорындарда тәжірибесі болмай, және ДСҰ ережелері іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін түсінбей,  өздерінің теориялық көзқарастарына сүйенетіні туралы пікір қалыптасады. Сонымен қатар, қазақстандық қамтуды қорғау мәселесінде кәсіпорындардың артық бірдеңені алып алуы туралы емес, аман қалу туралы сөз қозғалады.

Жақында Қазақстанның машина жасаушылар форумы аяқталды, онда Ұлыбританиядан, Австриядан және басқа елдерден ДСҰ-ның халықаралық сарапшылары шақырылды. Олардың деректеріне сәйкес, осы ұйымның ондаған жылдары бойы болған ДСҰ-ның барлық қарауларының жағдайлары, экономиканың алыптары арасында, мысалы Қытай мен Еуропалық Одақ арасында, АҚШ пен Үндістан арасында, яғни өнеркәсіптік саясат әлемдік экономикалық үрдістер мен нарықтар әсер ете алатын жерлерде орын алған.

Бұл жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын өнімдер бойынша Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісінің көлемі - жабдықтар, ұңғымаларды жөндеу және оларға қызмет көрсету, арнайы киім және т.б. - тым аз және халықаралық нарықтарға әсер ете алмайды. Біздің машина жасаушылар немесе тігін фабрикалары ДСҰ ауқымында ешкімге қауіп төндірмейді. 

Сонымен қатар, ДСҰ-ға мүше көптеген елдердің үкіметтері жергілікті қамтуды бір немесе басқа нысанда жүзеге асырады, бұл нормалар өте вариативті, яғни отандық бизнесті қолдауға арналған әр түрлі әдістер қолданылады.

2012 жылғы 3 қыркүйектегі бесінші шақырылған Парламенттің екінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы былай деп мәлімдегенін естеріңізге сала кетейін: «Барлық мемлекеттер өз өндірушілерін қолдайды. Бұл тәжірибе біз үшін өте маңызды. Үкіметке және 'Самұрық-Қазына' қорына әлемдік тәжірибені зерделеп, қазақстандық өндірушіні қолдаудың өзіндік моделін жасауды тапсырамын'

Сонымен? Әлемдік тәжірибені зерделеп, өндірушілерді қолдаудың орнына бізге енді біздің тауар өндірушілерімізді шикізаттық магнаттармен бірге қалдыру ұсынылады. Біз бұл жағдайда не болатынын білмейміз бе?

ДСҰ - бұл келіссөздер процесі екенін қоса кету керек. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздерді осы мемлекеттік органдар мен олардың шенеуніктері жүргізді. Сонда олар бизнестің қарсылығына қарамастан Қазақстанның келіссөз процесіндегі ұстанымдарын тапсырды, ал қазір осы әділетсіз талаптарды біздің кәсіпкерлерге аударып жатыр.

Менің ойымша, бұл «Қазақстанды үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  жолдауында Мемлекет басшысы халықаралық ұйымдармен және инвесторлармен қарым-қатынаста Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделерінің басымдығына назар аударғаны кездейсоқ емес.

Сондықтан біз өз өндірушілерімізді  құрбан етпей, керісінше, оларды қорғау үшін тетіктерді, институттарды және құралдарды іздестіруіміз керек, әйтпесе біз Қазақстан экономикасының индустриясыздандыру қауіпіне тікелей тап боламыз.

Бүгін біз экономикадағы оң беталыстарды көріп отырмыз, біз өнеркәсіптік өндірістің және әртараптандырудың белгілі бір өсуі болып жатқанын көріп отырмыз. Иә, осы оң өзгерістер әлі де қайтымсыз болған жоқ, бірақ олар бар, біз оларды құптаймыз және  қолдайтын боламыз.

Бірақ уәкілетті орган да біздің өндірушілерімізді, мердігерлерімізді, сервистік компанияларымызды қолдау керек. Әйтпесе - ірі шетелдік шикізаттық компанияларда не болып жатқанын қараңыздаршы. Менеджерлер негізгі көлемдерді, мердігерліктерді және келісімшарттар беретін үлестес немесе жалған тұлғаларды жасайды. Ал осы салада көптен бері жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық компаниялар кенеттен тендерсіз қалады, жабылады, жүздеген жұмысшылар жұмыссыз қалады. Бірақ бұлар біздің азаматтарымыз ғой! Бұл біздің экономикамыз ғой!

Құрметті әріптестер, «Ақ жол» фракциясы қарастырылып жатқан заң жобасын қолдайды, оны маңызды деп санайды, ол инвестициялық ахуалды жақсартуға, біздің экономикалық әлеуетімізді кеңейтуге бағытталған. Бірақ мен бұл әлеует ең алдымен өзіміздің ұлттық экономикалық мүдделеріміз үшін жұмыс істеу керек екендігіне тағы бір рет шақырамын.

Осы бөлімде біз барлық күмәнді шешімдерден бас тартуды және қазақстандық қамтудың реттелуін мемлекеттік органдарға қалдыруды ұсынамыз, себебі кез келген жағдайда олар біздің экономикамыз үшін жауапты.

Назарларыңызға рахмет!