16
Қараша

«Ақ жол» депутаттары жарылғыш материалдар нарығында бәсекелестікке қайшы әрекеттердің жолын кесуді талап етеді

16 қараша 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» депутаттары жарылғыш материалдар нарығында бәсекелестікке қайшы әрекеттердің жолын кесуді талап етеді – фракцияның тиісті депутаттық сауалын Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың атына Кеңес Абсатиров жолдады.

Ол «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасын талқылау барысында «Ақ жол» фракциясы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қызметтерін реттейтін функциясын әртүрлі комиссияларға беруіне біржолата қарсы болғанын еске салды.

«Негізгі себептердің бірі болып – кез-келген ірі жер қойнауын пайдаланушылардың айналасында бәсекелестікті шектейтін және корпаративтік жемқорлыққа жағдай туғызатын жеткізушілер мен мердігерлердің пулы болып табылады.  

Қазақстан химия өнеркәсібі одағының (Одақ) шағымы біздің кезекті дәлелдеріміздің бірі болып табылады. Олардың дәлелдерітау-кен саласының қызмет көрсету нарығында бәсекелестіктің шектелуін көрсетеді», - деді депутат.

Осылайша, жарылғыш заттар мен өндіріс құралдарын өндірушілер мен жеткізушілер, осы сегмент шеңберінде шектеулі бизнес субъектілерін пайдалана отырып («Орика Қазақстан» АҚ, «Максам-Қазақстан» ЖШС, «Искра - Сервис» ЖШС, «Промвзрыв» ЖШС) әрекет ететін ұйымдарға өнімдерді сату арқылы жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін басқа сервистік компаниялардың нарыққа шығуын шектейді. Бұл қосымша шығындарсыз, жарылғыш заттардың бағаларын 20 пайызға немесе одан да көп өсіруге қамтамасыз етеді.

Нәтижесінде, өз қызметтерінде жарылғыш заттарды пайдаланатын сервистік және тау-кен өндіру компаниялары, Одақтың ойыңша, нақты бағалар мен басымдыққа ие жеткізушілердің бағалары арасындағы айырмашылық негізінде жарылғыш заттар нарығында миллиардтаған шығындарға батады.

Жоғарғы баға тау-кен өндіру кәсіпорындарының өнімдерінің түпкілікті құнына  теріс әсер етіп,  олардың салық салынатын пайдасын және экспорттық мүмкіндіктерін азайтады.

Одақтың уәкілетті органдарға өтініштері жауапсыз қалуда.

Одақ бастамасымен ұйымдастырылған жиналыс мәселені шешпеді. Оған кәсіпорындардың, инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктерінің, Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеден одағының (ЕЭК), РФ федералдық монополияға қарсы қызметінің өкілдері қатысты.

Бәсекелестікті қорғау комитеті осы мәселе бойынша өз позициясын нақты көрсете алмайды.

«Жарылғыш материалдар нарығында басымдыққа ие өнім жеткізушілердің бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін жедел анықтау және жолын кесудің орнына, бизнес-қауымдастықтың пікірінше уәкілетті монополияға қарсы орган жалтарма жауап берумен және жауапкершілікті басқаларға жүктеумен айналысады», - деп атап өтті Абсатиров.

Осыған орай, «Ақ жол» депутаттық фракциясы сұрайды:

1) монополияға қарсы органның қазақстандық өндірушілер мен жарылғыш материалдарды жеткізушілердің әрекеттерінің заңдылығына қатысты әрекеттерінің / әрекетсіздіктерінің заңдылығын тексеру;

2) тексерістің қорытындысы бойынша, қазақстандық өндірушілер мен жарылғыш материалдарды жеткізушілердің әрекеттерінің заңсыздығы расталған жағдайда көрсетілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды жою жөнінде шаралар қабылдау.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.