05
Желтоқсан

Санат жоқ 05.12.2017

Азат Перуашев әлемдегі саяси партиялардың жетекшілеріне ұрланған ақшаларды оффшорлық аймақтардан қайтару бойынша күш-жігерді үйлестіруді ұсынды

5 желтоқсан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Азат Перуашев әлемдегі саяси партиялардың жетекшілеріне ұрланған ақшаларды оффшорлық аймақтардан қайтару бойынша күш-жігерді үйлестіруді ұсынды – бұл туралы ол ү.ж. 1-2 желтоқсан күні Бейжің қаласында өткен саяси партиялар жетекшілерінің Дүниежүзілік форумында мәлімдеді.

«Әрбір ел мен әрбір ұлт қауіпсіздік және әл-ауқаты туралы армандайды. Менің де елім осыны армандайды: бүгін Қазақстан еліміздің қазіргі Тәуелсіздігінің негізін қалаған Тұңғыш Президент күнін салтанатты түрде атап өтті. Бұл мерекемен менің отандастарым мен қазақстандық достарымды құттықтауға рұқсат етіңіздер», - деп сөз сөйледі Перуашев және саяси партиялар жетекшілерінің жауапкершілігі өз халықтарының ұлттық мүдделерін нақты түсініп, қалыптастыру болып табылады деп атап өтті.
Оның айтуынша, барлық ұлттық басымдықтарды үш негізгі принциптер бойынша жинақтауға болады: қауіпсіздік, өркендеу және ұлттық сәйкестік – бірақ оларды халықаралық қоғамдастықтың тығыз қарым-қатынасысыз іске асыру мүмкін емес.
Сонымен қатар, ол жаһандық сыбайлас жемқорлық қаупі туралы айтты.
«Кез-келген ел жемқорлық мәселесін назардан тыс қалдыратын болса,  әрбір экономикалық жобалар мен перспективалар тиімсіздік тәуекелдеріне, теріс пайдаланушылық пен сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Бүгін жемқорлар өз елінен ұрлаған қаражатты офшорлық аймақтарда жасыру арқылы юрисдикциялар мен адвокаттар армиясымен қорғалған дүниежүзілік жемқорлық желісін құрып отыр. Және мемлекет жалғыз өзі ұрланған қаражатты офшорлық аймақтардан қайтара алмайды. Бұл жұмыстар нәтижелі болу үшін, оған халықаралық қауымдастықтар түгелдей кірісуі керек», - деп Азат Перуашев атап өтті және «Ақ жол» партиясының атынан жемқорлыққа қарсы тұру мен халықтан ұрлаған қаражатты елге қайтару жөніндегі топ құруды ұсынды. 
Қазіргі әлемдегі өзгерістердің қарқынын көрсету үшін Перуашев биткоинді мысал ретінде келтірді. Бір жыл ішінде бұл криптовалюта 10 есеге, ал пайда болған күннен бастап миллион есеге өсті. Сарапшылар оның сөзсіз күйреуі туралы айтып жатыр.
«Менде реалистпін, жағдайды үнемі бақылап отырамын. Биткоин мысалы  – шекаралардың ашық бола бастағанының анық дәлелі. Көптеген елдер, соның ішінде Қытай бұл криптовалютаны пайдалануға тыйым салды, бірақ биткоин  шекараны танымай, мойындамай, әлемді жаулауда. Осылайша, елдер мен адамдар арасындағы шекаралар мен қашықтықтар виртуальды түрге айналады», - деді  Перуашев.
Сондай-ақ,  форум қатысушыларына Қазақстанның ауқымды жобасы -  «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы айтты. АХҚО инвесторларға біздің экономикамызға қор және жобалық құралдар арқылы кіруге кең мүмкіндіктер ашады.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, Азат Перуашев Қытай және басқа да шетел бизнесмендерін Қазақстандағы экономикаға келіп, өзара тиімді табыс табуға шақырды. 
Сондай-ақ, Перуашев өз сөзінде мемлекеттің жалғыз өзі шеше алмайтын - экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұру мәселелеріне тоқталды.
«Демократиялық принциптерді сақтау үшін азаматтық батылдық пен жетілген саяси мәдениет қажет. Біздерге, Ұлттық парламент және саяси партиялардың өкілдері ретінде  өз мемлекеттерімізге және мемлекет басшыларына айтылған міндеттерін атқару барысында біздің жауапкершілігіміз ерекше», - деп атап өтті ол.