04
Қантар

Дания Еспаеваның Ақтөбе қаласына жұмыс сапары облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуден басталды

4 қаңтар 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Дания Еспаеваның Ақтөбе қаласына жұмыс сапары облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуден басталды.

2018-ші жылдың 3-ші қаңтарында Мәжіліс депутаттары Д.Еспаева, Г.Щегельский, К.Каракен, С.Симонов Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары Парламенттің үшінші сессиясында атқарылған жұмыстар, қаралып жатырған заң жобалары туралы хабардар етті.

 

Дания Еспаева салық және кеден заңнамасына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ «Ақ жол» ҚДП фракциясының жұмысына егжей-тегжейлі тоқталды.  Ол «Ақ жол» фракциясының ағымдағы сессияның төрт айында 36 депутаттық сауал жолдағанын және олардың бірқатары оң шешім тапқанын атап өтті. Депутаттар Г.Щегельский және К.Каракен экологиялық кодекстегі және әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы айтып берді.

Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаттары өңірдің мәселелеріне тоқталды. Назар аударатын маңызды мәселелердің бірі газбен жабдықтау және электр энергиясының тарифтерін көтеру мәселелері болып табылады.
Облыста 2017 жылдың 1-ші шілдесінен бастап ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағасы тағы көтерілді, сондықтан халық үшін оның бағасы 10% -ға, ал заңды тұлғалар үшін - 6% -ға өсті. Осылайша халықты газбен қамтамасыз етудің бағасы жылына екі рет өзгерді: 1 –ші қаңтардан бастап - «ҚазТрансГазАймақ» АҚ тарифтерінің өзгеруіне және 1-ші шілдеден бастап - тауарлық газдың көтерме бағасын бекітуге байланысты. Бұл халық арасында әлеуметтік шиеленісті тудыртады.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттары  Парламент Мәжілісінде қаралатын заң жобаларын талқылау кезінде оларды жұмыс топтарына белсенді тартуды сұрады.

Күннің екінші жартысында Мәжіліс депутаттарын облыс әкімі Б.Сапарбаев қабылдады. Кездесу барысында облыс әкімі  2017 жылы өңірді дамыту нәтижелерімен таныстырды. 2017 жылы Ақтөбе облысының экономикасы өткен жылмен салыстырғанда 5% -ға өсті, облыстың барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері республика бойынша орташа деңгейден төмен емес, ал кейбір көрсеткіштер бойынша - одан да жоғары. 785 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді, 6200 отбасы өткен жылы  қоныс тойын тойлады. Өнімділік - гектарына 13,2 центнерге жетті. Салынған жылыжайлар алаңы 30 га құрады және бүгінгі күні облыс 70%-ға өз көкіністерімен қамтамасыз етілуде. 2020-шы жылға дейін жылыжай алаңдарын 100 га дейін жеткізу және облысты өз жылыжай өнімдерімен толықтай қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2017 жылы облысқа тартылған инвестициялар көлемі 438 миллиард теңгеден астам.