05
Қантар

Санат жоқ 05.01.2018

Депутат Меруерт Қазбекова азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді

«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық баспасөз қызметі, 2018 жылдың 5 қаңтары

«Ақ жол»  ҚДП Ақмола облыстық филиалында Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді.

Бұл кездесуге жеке кәсіпкерлер де,  қарапайым азаматтар да өз шағымдарымен келді. Серіктестік директоры Қасен Қажыбаев салық және басқа да заңнамалар жөнінде сауалын жолдады. Ол басқаратын тігін фабрикасы қазір Ресеймен тығыз жұмыс жасайтынын, бірақ  ол жақтан шикізат әкеліп,  дайын өнімді шығару барысында өндіріс процесін тежейтін жағдайлар жиі көрініс беретінін атап айтты. Мемлекеттік сатып алу конкурстары барысында да қолбайлау болатын жайлар бар екенін, тендерлерді жеңе қалғанда,  дайын өнімді айналасы бірер ай ішінде қамтамасыз етудің өте күрделі екенін де тоқтады. Мүгедек баласын шетелде емдетудің қиындығын көрген жас анада өз мұңын шақты. Үйдің кезегінде тұрып,  пәтер ала алмай жүргендер де,  көп қабатты үйіне сапасыз жүргізілген жөндеуге көңілі толмайтындар да жүгінді. Осының бәрін қарай келе,  Меруер Қазбекова өз тарапынан бар мүмкіндігінше көмек жасауға, тиісінше шара қолдануға тырысатынын айтты. Әрине, бұл бір күнде шешіле салатын мәселе емес. Дегенмен,  ниет болса,  шешімін таппайтын нәрсе жоқ.