24
Қантар

Санат жоқ 24.01.2018

«Ақ жол» партиясы су тасқыны жағдайына баға беруді және алдағы көктемде елді мекендерді су тасқынынан алдын-алу жөніндегі қызметтердің дайындығы туралы есеп беруді сұрайды – Берік Дүйсенбинов

 

24 қаңтар 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясы су тасқыны жағдайына баға беруді және алдағы көктемде елді мекендерді су тасқынынан алдын-алу жөніндегі қызметтердің дайындығы туралы есеп беруді сұрайды – фракцияның депутаттық сауалын Берік Дүйсенбинов ҚР Ішкі істер Министрлігіне жолдады.

 «Күн сайын Қазақстандықтар Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы төтенше жағдайлар комитеті мен полиция қызметкерлері адамдарды қар құрсауынан  шығару бойынша жүргізіліп жатқан құтқару операциялары туралы оқып, біліп отыр», - делінген сауалда.  

Депутаттың айтуынша, қыс басталғаннан бері құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен және жол қызметтерінің өзара іс-қимылымен 5 500-ден астам адамдарды қар құрсауынан шығарды, оның ішінде 439-ы бала. Сондай-ақ ондаған жолаушылары бар автобустарды қоса алғанда 1700 бірлік техника құтқарылды. Көптеген жерлерде жылыту пункттері мен ыстық тамақ беру нүктелері ашылды.

«Бір қарағанда, бұл - құрғақ сандар, бірақ шын мәнінде олардың артында адам өмірі мен құтқарушылардың зор жұмысы тұр», - деп атап өтті депутат.  

Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, көптеген азаматтар, әкімдіктер, кәсіпкерлер өзара қолдау көрсетуге қосылғандығы туралы атап өту керек.

«Ақ жол» фракциясы осы батыл адамдардың қайсарлығына және адамгершілігіне алғысын білдіреді.

Аяз бен бораннан басқа, қардың көп түсуі қосымша сынақ. Тек Астана қаласынының өзінде жыл басынан бері 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды. Алматыдағы соңғы қардан кейін 4,5 мың текше метр қар шығарылды. Бірақ бұл жеткілікті қаржыландыруы, қажетті техникасы мен көшелерді тазалау үшін жұмысшылары бар Қазақстанның ірі қалалары.

Оларға қарағанда, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде көптеген ауылдық елді мекендер төбеге дейін жететін қардың астында қалды.

«Әрбір қатты қыстан кейін қардың еруі заңдылық», - деп «ақжолдықтар» ескертеді.

Жыл сайын Қазақстанда көктемде қар басқан аймақтар судың астында қалады. Ерiген сулар үйлерді бұзып, жолдарды жойып, мемлекет пен тұрғындардың мал және басқа да мүліктеріне зақым келтіреді. Өткен жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында қорғаныс бөгеті шайылып, 269 үй су астында қалды, олардың кейбіреуі толығымен жойылды.

Ақтөбеде 300 адам тұрақты тұратын саяжай үйлерін су басты.  Қарағанды  облысы Бұқар жырау ауданында Самарқанд су қоймасынан суды ағызуына байланысты Чкалово селосында 48 үйді су басып, 137 адам көшірілді.

«Бұл апаттың экономикалық залалы да өте үлкен: 2015-2017 жылдары су тасқынының салдарын жою үшін 57,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, - деп атап өтті Берік Дүйсенбинов. – Осындай ауыр зардаптарға дайын болмаудын себептерінің бірі метеорологтардың қате болжамдары».

Былтырғы су тасқыны салдарынан ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің басшылығымен қажетті қорытындылар жасалып, жойқын су тасқынының алдын алу үшін барлық шаралар алдын-ала қабылданатынын айтты.

Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы құтқару қызметтерінің төтенше жұмыс бастылығына қарамастан, алдын-алу шараларын жоспарлау және дайындау, соның ішінде су тасқынына қауіпті аймақтарды анықтау, айналып өту және тосқауыл құрылымдарын салу, күштер мен жабдықтарды бөлу және т.б. қажеттілігі туралы еске салады. Депутаттардың ойыңша, бұл жұмыстар кешенді сипатты ескере отырып, қар ерігінге дейін басталуы керек.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.