7 ақпан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» депутаттары 2015 жылдан бері бөлінген ғылыми гранттарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексеруді тағы да талап етеді – фракцияның сауалын Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына бүгін Меруерт Қазбекова жолдады. Төменде «Ақ жол» ҚДП депутаттық сауалының мәтіні берілген.
Ағымдағы жылдың 29-шы қаңтарында бұқаралық ақпарат құралдарында ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізетін 2018-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша гранттық қаржыландырудың конкурстық жүйесіндегі бұзушылықтар туралы Бас прокурор және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атына жолданған бір топ ауыл шаруашылық-ғалымдардың ашық хаты жарияланды.
Атап айтқанда, ұлттық ғылыми кеңес құрамы сарапшыларының шешімі бойынша 3 жыл бойына бюджеттен қыруар ақша төленіп отыру заңдылығы ғалымдардың сұрағын тудырады.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - тәуелсіз халықаралық және отандық сарапшылардың мамандандырылған сараптамасы, ал екінші кезеңде – ең лайықтыларын ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері таңдайды.
Биылғы жылғы «Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту және ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі» бағыты бойынша байқаудың екінші кезеңінің қорытындылары ғалымдарды шошытты - кеңес бірінші кезеңнің нәтижелеріне назар аудармай, 30 ұпайдан жоғары және 10-15 орынға ие болған жұмыстарды қабылдамай, бар жоғы 16-19 ұпай жинаған жобаларды мақұлдады. Мәселен, 582 өтінім ішінде 450 орында тұрған 20 ұпайы бар кеңес жетекшілерінің бірінің өтінімі қаржыландыруға ие болды. «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша барлығы 36 ұпайдан 35 ұпай жинаған жобаны кеңес мақұлдамады, бірақ бұл бағытқа бөлінген жалпы соманың төрттен бір бөлігін осы кеңестің жетекшісі М.Қалимолдаевтің жобасы қаржыландыруды алды. Бұдан басқа, Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша жобалары бар кеңестің барлық мүшелері гранттарға ие болды. 1-ші ақпанда өткен брифингте бұл жағдайды түсіндірген аталған АТҒТ бойынша кеңесінің жетекшісі (заңдылығына тағы да ғалымдар күмән тудырады) «ондай болады» және төменгі ұпаймен мақұлданған жобалардың артында «лайықты қазақстандық ғалымдар» тұр деп мәлімдеді.
Жақында бұқаралық ақпарат құралдары осы жағдай бойынша ғылыми кеңес төрағаларының түсініктемелерін таратты. Олардың сөзі бойынша, қорытынды шығаратын кезде ұпайлар құрамдас бөліктердің бірі болып табылады. Мұндай түсініктеме байқауды кезеңмен өткізудің мәнін жоғалтады деп есептейміз. Сондай-ақ, бірінші кезеңдегі сараптама құны аз ақша емес (1сараптама - 250 АҚШ доллар тұрады, 4500 өтінімге мемлекет 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады).
Нәтижесінде шетелдік сарапшылардан жоғары бағаға ие болған елуге жуық ғылыми жоба мемлекеттік қаржыландырусыз қалды. Қабылданбаған жобалардың қатарында Елбасының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыруға бағытталған жобалар болды.
Мұндай жағдайдың себептерінің бірі, ауылшаруашылық ғалымдарының пікірінше, кеңес қалыптастыру кезіндегі ережелердің бұзылуы. Оның құрамында бір ұйымнан бір қызметкерден артық болмауы керек.
Бірақ аграрлық-өнеркәсіптік кешендер кеңесінің 17 мүшесінің үшеуі - бір оқу орынның, екеуі - бір ғылыми-зерттеу институтының өкілдері. Сонымен қатар кеңестің құрамына ірі университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері кірмеді. Соңғы 5 жылда 10 Хирша индексі бар әлемнің жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының шетелдік ғалымдар-өкілдерінің кеңеске қосылу туралы талабы еленбеген.
Бұған қоса, біздің ойымызша, қаралып жатырған жоба жетекшілері және олармен үлескер тұлғалар кеңестің мүшелері бола алмайды.
Олай болмаған жағдайда, гранттық қаржыландыру жүйесінің кеңес құрамына «өз адамдарын қосу» арқылы жеке тұлғалар мен ғалымдар топтарының мүдделерін қорғайтын қолайлы шарттар жасалынады.
Ғалымдар ҚР Білім және ғылым министрлігі Үкіметтің қаулысын заңды емес ғылыми кеңестің құрамымен бекітті деп санайды.
Шешім қабылдау жылдамдығы да сұрақтар тудыртады. Шетелдік сарапшылар бір жобаны 1 айдан астам уақыт қарайтын болса, біздің кеңес жобаға 15-20 минут қана уақыт бөледі екен. Мәселен, 3 күннің ішінде 580 астам жобалар қаралды. Кеңес 1-ші кезеңнің қорытындысын да қайта қарастырып жатырғанын ескере отырып, осындай уақыт ішінде әділ баға туралы айту қиын.
Осыған байланысты ғалымдар Елбасыны осы жағдайға араласуына, 2018-2020 жылдардағы гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелерін қарау үшін депутаттар мен ғалымдардан тұратын тәуелсіз комиссиясын құруды сұрайды.
2015 жылдың 7 қазанында «Ақ жол» фракциясы 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді қаржыландырудағы бұзушылықтар бойынша ұқсас сауал жолдағанын еске салайық. Сол кезде бұзушылықтарды Есептеу комитеті растады. Мәселен, 10 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінген ешқандай нәтиже бермеген ғылыми жобалар және 41 жобаның жетекшілері ғылыми кеңестің мүшелері болғаны анықталды.
Содан бері ғылыми әзірлемелердің гранттық қаржыландыру жүйесінде ештеңе өзгерген жоқ деп айта аламыз.
Егер олар қойылған мақсаттарына қол жеткізбесе, онда неге мемлекет қыруар қаржы бөледі? Бұл отандық ғалымдардың әзірлемелері қазақстандық экономикаға қажет емес дегенді білдіре ме?
Мұның бәрі ғалымдардың әділеттілікке, Елбасының үнемі айтып отыратын аграрлық ғылымды дамыту және оны ауыл шаруашылығының қозғаушы күшіне айналдыру идеясына да сенімін жоғалтады.
Осыған байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы жоғарыда аталған фактілерді ғылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатын сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарына тексеруін қарастыруды сұрайды.
Қосымша ___ бетте.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары