10
Маусым

«Ақ жол» партиясының басшылығы мен Қытай Коммунистік партиясының Орталық Кеңесі халықаралық бөлімі делегациясының кездесуі болып өтті


2016 жылдың 10 маусымы, 'Ақ жол' баспасөз қызметі
       10 маусым күні ҚДП орталық кеңсесінде  «Ақ жол» партиясының басшылығы меңгеруші Сун Тао бастап келген Қытай Коммунистік партиясының Орталық Кеңесі Халықаралық бөлімі делегациясымен кездесуі болып өтті. Іс шараға ҚР-ндағы ҚХР Төтенше және Өкілді посолы Чжан Ханьхуэй қатысты. «Ақ жол» партиясының атынан Орталық кеңес хатшылары, фракция депутаттары, партия орталық аппаратының басшылығы өкілдік етті.    

Екі жақ халықаралық және аймақ аралық мәселер жөніндегі пікірлерімен бөлісті, партияаралық қызметтесу мәселелерін талқылады.

Азат Перуашев Сун Таоны жоғары лауазымға тағайындалғанымен құттықтады және халықаралық бөлімнің жаңа басшылығы ҚДП-мен серіктестік салтты жалғастыратынына үміт артты.

«Біз сіздердің партилмен достық қатынасымызды жоғары бағалаймыз және біздің еліміздің жетекшілерінің арасындағы келісімдерінің жүзеге асуы үшін әрі қарай жалғастыруға дайынбыз. Сондай-ақ, сіздердің партияларыңыздың бірнеше қызметкерлері қытай қызметкерлерімен кәсіп саласында тығыз серіктестік қатынаста», - деді Сун Тао.

Кездесу барысында жаңа Жібек жолы бастамасын жүзеге асыру шегінде өзара қатынасты болашақта арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

         Сун Тао «Ақ жол» партиясын Қытайға сапарға келіп кетуге шақырды.

Фотогалерея