08
Маусым

Ақ жол' фракциясының отырысы Ақтөбедегі лаңкестік құрбандарын еске алған бір минут үнсіздікпен басталды

'Ақ жол'ҚДП баспасөз қызметі 2016 жылдың 8 маусымы


'Ақ жол' фракциясының кешегі отырысы бір минут үнсіздікпен басталды – партия төрағасы Азат Перуашев 2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбе қаласындағы қайғылы оқиғалардың нәтижесінде қаза болғандарды еске алуды ұсынды. Отырыс дәстүрлі форматта – ҚДП-ның өңірлік филиалдарымен бейнеконференциялық байланыс режимінде өтті.
Перуашев отырысқа қатысушыларға партия Президиумының мәлімдемесі туралы хабарлады, онда «Ақ жол» ҚДП болған лаңкестік шабуылға өзінің наразылығын білдіріп, оны ұйымдастырушыларды батыл түрде айыптаған.
«Қасиетті Рамазан және Ораза айының қарсаңында жасалған қанды қырғынды ұйымдастырушылардың шын діни сенімге: ислам болсын немесе кез келген басқа дін болсын ешқандай қатысы жоқ екенін көрсетеді. Біз құқық қорғау органдарын конституциялық тәртіпті қолдауды және біздің азаматтарымыздың құқықтарын кез келген жерде  қорғауды қамтамасыз етуге шақырамыз»,- деп атап өтілген 6 маусымда жарияланған мәлімдемеде.
ҚДП Президиумы терроршылдардың қолынан қаза тапқан отандастарымыздың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, барлық қазақстандықтарды қайраттылық танытып, Ақтөбе өңірінің тұрғындарына ынтымақтастық білдіруге шақырды.
Бұдан әрі фракциясы отырысында оның қызметінің ағымдағы мәселелері: Мәжілістің пленарлық отырысына енгізілетін заң жобалары бойынша ұстанымын, депутаттық сауалдардың тақырыптарын және т.б... қаралып, талқыланды.