Астаналық экономикалық форумы аясында Азат Перуашев аңызға айналған экономист Артур Лаффермен кездесу өткізді
'Ақ жол' ҚДП Баспасөз қызметі, 2016 жылдың 30 мамыры
Өткен жұмада, Астаналық экономикалық форумы аясында, Азат Перуашев әр жылдары АҚШ президенті Р. Рейганның, Ұлыбритания премьер-министрі М. Тэтчердің, Чили басшысы А. Пиночеттің және т. б. экономика саласындағы кеңесшісі болған Артур Лаффермен кездесу өткізді.
А. Лаффер аталған елдердегі жекешелендіру бағдарламасын және салық реформаларын әзірлеген, АҚШ-тағы экономиканың қарқындап өсуіне және жұмыссыздықты азайту әкелген «рейганомиканың» авторларының бірі болып саналады.
Әңгіме барысында А. Перуашев және д-р Лаффер әлемдік дағдарыс кезеңіндегі экономика үшін өзекті бірқатар мәселелерді талқылады. Мәселен, шетелдік қонақ сатудан каскадты салық туралы өте сыни пікір білдірді (оған көшу Қазақстанда жоспарланып отыр).
Оның айтуынша, бұл салық түрі АҚШ-та пайда болды, бірақ өндіріске теріс әсерін тигізгеннен кейін барлық жерде тоқтатылды, дегенмен Гуам және Солтүстік Мариан аралдары сияқты экзотикалық инкорпорациялаусыз аумақтарды қоса алғанда рудимент түрінде үш жерде сақталды.
'Сатудан каскадты салық алу индустриалсыздандыру және экономиканы монополияландыруға әкеледі ' - деп атап өтті бұған байланысты А. Лаффер.
Атақты экономистің пікірінше, есептеудің каскадты әдісінен бас тартқан жағдайда ғана сату салығы мағыналы болады.
Инвестициялардың жетіспеушілігінің жағдайына байланысты қиындықтарға қатысты кездесетін жекешелендіру бағдарламасы бойынша, жекешелендірілетін кәсіпорындардың нақты құнын түсірудің орнына, олардың құнының 50% - на дейін өздерінің қызметкерлерінің арасында бөлу керек деп А. Лаффер ұсыныс айтты, - бұл ұжым үшін қосымша ынталандыруларды қалыптастырады, және компанияның құнын түсірудің де еш қажеті болмайды. Бұл ретте д-р Лаффер А. Перуашевтің экономикадағы мемлекеттік қатысуды күрт қысқарту қажеттілігі туралы және мемлекеттік кәсіпорындарды, ұлттық компаниялардың еншілестердің басым көпшілігі жеке секторға беру туралы пікірін қолдады.
Сондай-ақ, бизнес және инвестициялар үшін қолайлы ахуал тудыратын бірқатар басқа да мәселелер көтерілді. Д-р Лаффер А. Перуашевті сатудан салықтың жүйесімен, мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендіру рәсімдерімен және басқа да жеке бизнесті қолдау бойынша шаралармен толық танысу үшін, АҚШ-қа келіп қайтуға шақырды.