29
Наурыз

«Ақ жол» партиясы Лахордағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады

28 наурыз күні Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Абдул Салик Хан мырзаның атына Лахорда болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айту жеделхаты жолданған болатын. 

«Біз кез келген терроризм мен экстремизмнің көріністерін қатаң айыптаймыз. Қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», - делінген партия жетекшісі А.Перуашев қол қойған жеделхатта.