«Ақ жол» партиясы Бельгияда болған терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
24 наурыз күні Қазақстандағы Еуропалық Одақтың бас өкілі Траяна Христеа мен Бельгияның Қазақстандағы елшісі Мишел Пеетерманстың атына көңіл айту хаты жолданған болатын.
«Біз Брюсселдегі қайғылы оқиғаны естіп қатты қайғырдық. Осы қайғылы күндері Еуропалық Одақтың тұрғындарымен ниеттес болдық. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз», - делінген партия жетекшісі А.Перуашев қол қойған жеделхатта.