Әлеуметтік желілерде «#«Ақ жолға» дауыс береміз» - атты партияның үгіт-насихат акциясы басталды
13 наурыз 2016 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Бүгін партияның Орталық кеңсесінде әлеуметтік желілерде «#«Ақ жолға» дауыс береміз» - атты партияның үгіт-насихат акциясы басталды.
Демалыс күні болғанына қарамастан партияның Орталық кеңсесіне сайлауалды штаб мүшелері, белсенділер, еріктілер және Астана қалалық филиал мен Орталық аппараттың қызметкерлері жиналды.
«Біз партияның үгіт-насихат жұмыстарының соңғы кезеңіне кірістік, біздің мақсатымыз бұрынғыдай неғұрлым көп сайлаушыларды жинау болып қала береді, - деп атап көрсетті Мәжіліс депутакттығына үміткер Азиз Қожамбетов, партияның жас белсенділерімен кездесуді ашқан кезде. – Барлық сайлауалды шаралар, аймақтардағы кездесулер жоспарланған түрде өтіп жатыр, бірақ осы шаралардың әсерін күшейту үшін мен сіздерді әлеуметтік желілерде «#«Ақ жолға» дауыс береміз» - атты партияның үгіт-насихат акциясын бастауға шақырамын».
Ол сондай-ақ, жуырдағы «Пошта жәшігі», авто және велошеру, халық көп жиналған жерлерде үгіт-насихат материалдарын тарату секілді акцияларды айтып өтіп, оның барлығының мақсаты – әр сайлаушыға жету екенін еске салды.
Партияның конференция залындағы үлкен монитордан белсенділерге еліміздің әр аймақтарында түрлі шараларда түсірген көптеген бейнероликтер көрсетілді. «Ақ жолға» дауыс беруге шақырған осы және басқа да үгіт-насихат материалдары белсенділер арқылы енді әлеуметтік желілерде таратылатын болады. Жас «ақжолдықтар» бұл жұмысқа дәл сол жерде бірден кірісіп кеткенін айта кету керек.
«БАҚ – тардағы кейбір деректерге қарағанда Қазақстандағы интернет пайдаланушылардың саны барлық тұрғындардың 40 пайызын қазірдің өзінде құрап отыр. Ал жастардың арасында тіпті 70 пайыз! Бүгінде интернет-аудитория дегеніміз – біздің көп мыңдаған сайлаушыларымыздың ортасы, - деді «Ақ жол» партиясы аймақтық бөлімінің жетекшісі Асылхан Қожахметов. – Және де біз осы бір интернет ортаны мейілінше көп пайдалануымыз керек».