ӘКК-ні (Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорация) бәсекелі ортаға беру туралы мәселе 2016 жылдың екінші тоқсанынан бастап қаралатын болады – «Ақ жолдың» депутаттық сауалына Үкіметтің жауабы
24 қараша 2015 жыл, «Ак жол» ҚДП баспасөз қызметі
ӘКК-ні бәсекелі ортаға беру туралы мәселе 2016 жылдың екінші тоқсанынан бастап қаралатын болады – осы жылдың қараша айында «Ақ жол» партиясының атынан Талғат Ерғалиев жолдаған депутаттық сауалына Үкіметтің жауабы осылай.
Естеріңізге сала кетсек, сол жолы «Ақ жолдың» депутаттары ӘКК-ні тарату және оны бәсекелі ортаға беру жөнінде ұсыныс жасаған болатын.
«ӘКК-нің функциялары кәсіпкерлік қызметтің дамуына жайлы жағдай жасау үшін, жаңа өндіріс орындарын құруға және жаңартуға, инвестиция тартуға, үкімет бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған болатын.
Өкінішке орай, қазіргі кезде ӘКК әкімшіліктердің жанындағы тұрақтыландыру қорларының қаражатын жұмсайтын шаруашылық мекемесіне айналып кетті. Оның үстіне, бүгінде олар бизнеске кедергі келтіріп, түрлі әкімшілік кедергілер жасап, оның дамуын тежеп тұрғаны белгілі болды. Мысалға, пайдалы қазбаларды өндіруге берілетін рұқсатты аларда ӘКК бастапқы капиталдан елу пайыздық үлес алады, өздері бір тиын да қоспайды. Мұндай рұқсатты бұрын кәсіпкер ӘКК-нің қатысуынсыз-ақ ала беретін» , -деп жазылған «Ақ жол» ҚДП фракциясының сауалында.
Сондай-ақ, ӘКК-нің активтерін басқарудағы тиімсіздіктер, даму мәселелеріндегі жүйеліліктің жоқтығы атап көрсетілді.
Үкіметтің жауабында, ӘКК-нің 2014-2013 жылдарға арналған барлық даму стратегиясы тек 2014 жылдың тамызында тиісті Қаулымен бекітілген. ӘКК тапсырмалар мен міндеттерді іске асыруды 2016 жылдың 2 тоқсанында қарауды жоспарлап отыр.
«Осыған байланысты, біз ӘКК жұмысын жалғастыру немесе бәсекелестік ортаға бергеннен кейін жаңа стратегиясына сәйкес қызмет нәтижелерін қайта қарау жұмыстарын жалғастыра беруді- дұрыс қойылған сұрақ деп есептейміз», делінген Кәрім Мәсімов қол қойған хатта.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы өзінің сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру және қазақстандық бизнестің мүддесін қорғау жұмыстарын жалғастыра береді.