28
Қыркүйек

«Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңесінің пленумы өтті

2015 жылдың 28 қыркүйегі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Өткен сенбіде «Ақ жол» ҚДП-ның орталық кеңесінің кезекті пленумы өтті. ОК мүшелері «Алаш» қозғалысының идеялық мұрасын тарату бағдарламасын бекітті, партияның парламенттік фракциясы туралы Ережеге өзгерістер енгізді. Одан басқа,  бірнеше кадрлық шешімдер қабылданды.
Осылайша, Мәжіліс депутаты, экономика ғылымдарының докторы,  ФИНАКСА қаржылық және салық кеңесшілер Одағының қадағалау кеңесінің  төрағасы Екатерина Никитинская партия төрағасының  орынбасарлығына сайланды.
Белгілі журналист және блогер Арман Сқабылұлы «Ақ жол» ҚДП-ның орталық кеңесінің  жұртшылықпен байланыс бойынша хатшысы болды;  фракция аппаратының жетекшісі Айгүл Рупатова ҚДП ОК-нің депутаттармен жұмыс жөніндегі хатшысы болды.
Пленум «Ақ жол» партиясының Орталық кеңесінің жаңа мүшелерінің толықтыруларын жүргізді: олар   «СемАЗ» Семей автоқұрастыру зауытының иемденушісі Дмитрий Васильев; Тараз  металлургия зауытының вице-президенті  Қайрат Айтбай; «Астана Банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Олжас Тохтаров және «Хайюань-Қаржы Қазақстан»  инвестициялық компаниясының директоры Қайрат Абеков болды.
Одан басқа, Орталық кеңес Қостанай  облыстық партия конференциясының филиалдың жаңа төрағасы етіп Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының жетекшісі Махаббат Жұтаевты сайлау жөнінде, сондай-ақ  «Альянс-Ком» компаниясының директоры Жантай Шайкеновты партия төрағасының солтүстік аймақ бойынша кеңесшісі етіп тағайындау туралы шешімін бекітті.