24
Тамыз

«Ақ жол» партиясының депутаттары отандық кәсіпорындардың өтініштері бойынша қытайлық SINOPEC басшылығымен кездесіп, қазақстандық мердігер-компаниялар мен қазақстандық жұмысшылар құқықтарын қорғау мәселелерін көтерді

2015 жылғы 24 тамыз«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясынан Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев пен Светлана Кадралиева, сондай-ақ партияның Орталық кеңесінің мүшелері бірқатар қазақстандық кәсіпорындардың өтініштері бойынша өткен жұмада қытайлық SINOPEC мұнай-химиялық корпорациясының басшылығымен кездесіп, қазақстандық мердігер-компаниялар мен қазақстандық жұмыскерлерді қазіргі жағдайларда қолдау мәселелерін талқылады.
Кездесуге Орталық Азия бойынша SINOPEC басшысы Фан Сяннань мен«SINOPEC International Kazakhstan' бас директоры Лю Цзайлин қатысты.
Қытайлық SINOPEC мұнай-химиялық корпорациясы мұнай мен газды барлау, өндіру, тасымалдау, жеткізу және қайта өңдеумен айналысады. Қазақстанда SINOPEC өкілдігі және 5 мыңнан астам қазақстандықтар жұмыс істейтін SINOPEC-тің 4 еншілес компаниялары жұмыс жасайды.
Мәселен, қазіргі уақытта SINOPEC Engineering Атырау мұнай өндіру зауытын қайта құрумен айналысуда, First International Oil Corporation компаниясы (еншілес және бірлескен кәсіпорындар арқылы) 2007 жылдан бері Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы кен орындарын барлау және игеру жұмыстарын жүргізуде.
 
«Ақ жол» партиясының депутаттары қазіргі әлемдік экономикадағы қалыптасқан күрделі жағдайда шетелдік, оның ішінде қытайлық инвестициялардың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты  Қазақстанда қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыру үшін мемлекет барлық мүмкіндіктерді қарастыруда.
Азат Перуашев кейбір инвесторлардың қазақстандық мердігерлерге елемейтіні және кен орындарына қызмет көрсету туралы келісімшарттарды шетелдік қызмет көрсету команияларына беретіні жөнінде«Ақжол» партиясына отандық кәсіпкерлерден арыз-шағымдар келіп түсетінін атап өтті. Сонымен бірге, шикізат пен қуат көздеріне әлемдік бағалардың төмендеуіне байланысты шетелдік қатысудағы кәсіпорындардағы қазақстандық жұмысшылардың саны мен жалақының қысқартылуы жөнінде негізделген қауіптер пайда бола бастады.
 
Партия төрағасы ол жөнінде айта келіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің ірі жер қойнауын пайдаланушыларға қазақстандық азаматтардың жаппай қысқартылуы мен құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша тапсырмаларына қытайлық компания басшыларының есіне салды. 
«Қазақстанның табиғат байлықтары ең алдымен халқымыздың мүддесіне қызмет етуі тиіс, және содан кейін ғана шетелдік компанияларға табыс әкелуі тиіс» - деп есептейді «Ақ жол».Азат Перуашев осыған орай SINOPEC басшылығына қазақстандық мердігерлердің заңды мүдделерін ескеріп отыру, олардың бұзылмауына, әділ бәсекелестікке жағдай жасау, сол сияқты қазақстандық жұмыскерлердің саны мен жалақыларының қысқартылуына жол бермеу жөнінде ұсынысын жасады.
 
SINOPEC Орталық азиялық өкілдігінің басшысы Фан Сяннань корпорацияның Қазақстандағы іс-әрекеті туралы айтып беріп, қазіргі жағдайларда объективті себептер бойынша инвесторлар табысыныңазайып бара жатқандығы туралы да еске салды, осыдан да компания бүгінгі күні «әлеуметтік міндеттемелерді орындау мәселелеріне көбірек алаңдауда».
Оның айтуынша, қытайлық инвесторлар бәрібір де жұмысшылар мен олардың жалақыларының қысқартылуына жол бермейді. Одан басқа, қазақстандық жұмысшылар 2014 жылдың ақпанындағы теңге девальвациясынан кейін жалақыға 20% мөлшерде үстемақы алған. SINOPEC өкілдігінің басшысы «Ақ жол» партиясы депутаттарын корпорацияның қазіргі жағдайларда да қажетті механизмдерді қарауға дайындығына сендірді.
Оған қоса, Фан Сяннань компанияның сервистік қызметтер бойынша тендерлерге қатысатын қазақстандық компаниялар құқықтарының ашық, адал және заңды бәсекелестік негізінде қорғалуын қамтамасыз ететінін хабарлады.
SINOPEC-тің Орталық Азия бойынша кеңсесінің басшысы «Ақ жол» ҚДП фракциясы депутаттарымен барлық туындайтын мәселелерді  бірлесе отырып талқылауға дайын екендігін білдірді.
 
Кездесу Азат Перуашевтің бастамасы бойынша Қытай Компартиясы ОК Халықаралық бөлімінің қолдауымен өткізілді.