Нұрлан Жазылбеков Бухарест қаласында Орталық және және Шығыс Еуропа Парламенттерінің Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік семинар жұмысында қатысты
2015 жылдың 17 маусымы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Ү.ж. 15-16 маусымда Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Нұрлан Жазылбеков Румыния Парламентінің Депутаттар Палатасы Парламентаралық Одақпен бірге ұйымдастырылған Орталық және Шығыс Еуропа Парламенттерінің Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік семинар жұмысында қатысты. Семинар Бухарест қаласында өтті.
Іс-шара барысында Орнықты даму мақсаттары және олардың Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі мағынасы, оларды іске асыруындағы парламенттердің рөлі, парламенттер мен азаматтық қоғамның бірлескен жұмысы, гендірлік теңдік, сондай-ақ орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру арқылы төтенше жағдайлар мен климаттық өзгерудің рисктерін азайту мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында Н.Жазылбеков Румынияның Парламенті Депутаттар Палатасының Сыртқы саяси комитетінің төрағасы Ласло Барбеламен кездесті. Депутаттар өзекті халықаралық күн тәртібі мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сапар барысында қазақстандық депутат «Қазақстан-Румыния» парламенттік достық тобының басшысы, Румынияның Парламенті Депутаттар Палатасының мүшесі Костел Алексемен кездесу өткізіп, қазіргі кездегі парламентаралық ынтымақтастықтың жай-күйін, сондай-ақ екі елдер парламенттері бағытындағы екіжақты сұхбатының келешек дамуын талқылады.
Кездесу соңында, К.Алексе парламентаралық диалогының келешек дамудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтіп, Румынияның Парламенті Депутаттар Палатасының төрағасы Валериу Згоняның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қ.Жақыповқа Бухарестке ресми сапармен келу жөніндегі шақыруын табыс етті.
ҚР Румыниядағы Елшілігі