15
Мамыр

«Ақ жол»: Мектепте компьютерлік сауаттылыққа оқытуды компьютер ғылымына ауыстыратын кез келді

2015 жылдың 15 мамыры, «Ак жол» ҚДП баспасөз қызметі
Мектепте компьютерлік сауаттылыққа оқытуды компьютер ғылымына ауыстыратын кез келді – бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында Нұрлан Жазылбеков мәлімдеді. Фракцияның депутаттық сауалы Премьер-министр К.Мәсімовтың атына жіберілді.
«Білім саласында Computer Science – Компьютерная наука және компьютерлік сауаттылық ұғымдарын нақты ажырата білу қажет. Осы жақындағы уақытқа дейін әртүрлі  елдердің мектеп бағдарламаларында компьютерлік сауаттылыққа оқыту басым болды. Бірақ жаңа технологиялар тез жетілуде. Компьютерлік сауаттылықты оқу, жылдам дамып келе жатқан ақпарат саласының сұрауына жауап бере алмайды. Бағдарламалар тез ескіріп, операциялық жүйелер ауысуда. Оқу жеке компьютер бағдарламаларында тіркелген, ал қазіргі уақытта мобильді технологиялар кеңінен таралған. Компьютер ғылымын – қатаң тәртіппен белгіленген ғылыми пән ретінде оқу қажет», - делінген сауалда.
Компьютер ғылымы білімнің барлық салаларына тығыз ене бастады. Мысалы, 20 жыл бұрын, медицина ақпараттық технологиялық қатарда болмады. Қазіргі уақытта, генмен биологиялық инженерия технологияларының, синтетикалық биологияның құпиясы ашылды, медицинаны өзгертті. Биология мен ақпараттық технологиялар арасындағы шек жойылып, биоинформатика ретінде тұтастай ғылымға айналып кетті.
Депутат ақпараттық технологиялар индустриясы өкілдерінің сыни пікірлерін келтіреді: «Білім беру жүйесі бағдарламаларды қалай қолдануды үйретеді, бірақ олардың іші қалай жасалғандығы туралы ешқандай идея бермейді. Индустрия біздің қажеттіліктерімізді мемлекеттік білім беру жүйесінің түсінбеушілігінен зардап шегеді».
«Елді бағдарламамен қамсыздандыру  секторының бәсекелестік қабілетін күшейту ұлттық ақпараттық-технологиялық саланы тұрақты дамыту үшін өзекті міндет болып табылады», - деп санайды «Ак жолда».
Көптеген елдер экономикада ақпараттық технологияларға маңызды рөл береді. Дамыған елдер білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуде. Мысалы:
- Ұлыбританияда 2014 жылдан бастап бағдарламалау негіздерін көпшілік мектептердің барлық оқушылары оқи бастады. Оқушылар 5 жастан бастап қарапайым бағдарламаларды жасауды үйренеді, ал 11 жастан бастап түрлі алгоритмдерді және кем дегенде – бағдарламалаудың екі тілін үйренеді.
- Францияда 2014 жылдан бастап бастауыш мектептің оқушылары үшін бағдарламалау курстары басталды. Қосымша сабақтарда мектеп оқушылары компьютерлік сауаттылықтың негіздерімен таныса алады және қарапайым қосымшаларды жасаумен айналысады.
- Эстонияда 2012 жылы мектепте 1 мен 12 сыныптарда бағдарламалау негіздерін оқытатын пилоттық  бағдарлама шығарылды. 20 мектеп бағдарлама қатысушылары болды.
- Польшада 2013 жылдың қыркүйегінен бастап, бастауыш мектептердің оқушыларына бағдарламалау негіздерін оқытуға бағытталған «Кодтау шеберлері» деген бағдарлама жұмыс істейді.
- Оңтүстік Кореяның Білім министрлігі бағдарламалау негіздерін енгізу бойынша жоспарын құлақтандырды: 2017 жылдан бастап бастауыш мектептерін қамту жоспарлануда, ал 2018 жылдан бастап жоғарғы сынып оқушыларына таңдаулары бойынша курстар ұсынылады. Сонымен қатар бағдарламалау Кореяның жоғарғы оқу орындарына түсу кезіндегі емтихандардың бірі болуы мүмкін.
Израильдағы жағдай Казахстанның жағдайына ұқсас болатын. Израильда да орталықтандырылған білім беру жүйесі және тұрғындары небәрі 7 млн адам. Компьютер сауатына оқу сонау 80-ші жылдарда пайда болды. Бірақ 1990 жылы ғалымдар кеңесі мектеп бағдарламасына  жаңа «Computer Science» (компьютер ғылымы) пәнің қосу керек деп шешті. Оқушылар Computer Science пәнін физика мен математикамен тең деңгейде оқиды.
Нәтижесінде Израиль 15 жылда үлкен жетістіктерге жетті. Жоғарғы технологиялардың ірі орталықтарының тізімінде Калифорниядағы атақты Силикон алқабынан кейін Израиль екінші орында тұр. Статистикаға сәйкес, елде барлығы 4800 стартаптар бар. Шетелдік орталықтарының Apple, Microsoft, и Intel компанияларының шетелдік  өңдеу орталықтары алғашқы рет сонда салынған. Жыл сайын израильдік стартаптар нарықтың алпауыттарымен 3-4 млрд доллар көлемінде сатып алынады.  
«Әлемдегі әрбір халық технологияның өсуі есебінен өзгеріп отырады, және біз білім технологиясы саласындағы әлемдік көшбасшылардан қалып қоймауға тиіспіз», - деп атап өтті Жазылбеков.
Осыған орай «Ақ жол» депутаттары Үкіметтен мектеп бағдарламасына «Компьютерлік ғылым» пәнін енгізу мүмкіндігін қарауды сұрайды.
 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын және сайлаушылар аманаттарын орындауды іске асыру жөніндегі жұмысын жалғастырады.