«Ақ жол»: Техникалық реттеу комитеті өздерінің әзірлемесінің бағасы бойынша бөтен стандарттарды қабылдап жатыр
2015 жылдың 13 мамыры, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
«Ақ жол»: Техникалық реттеу комитеті өздерінің әзірлемесінің бағасы бойынша бөтен стандарттарды қабылдап жатыр – бұл жөнінде бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Премьер-министр К.Мәсімовтың атына фракцияның депутаттық сауалын жариялай отырып, Екатерина Никитинская мәлімдеді.
«Еуразиялық экономикалық одақтың және алдағы ДСҰ-на кіру жағдайында, тауар және қызметтер нарығына бәсекелестікте негізгі екпін техникалық реттеу жүйесіне көшеді. Техникалық регламенттерінің және ұлттық стандарттардың талаптары отандық өндірушілердің мүдделерін қорғауда ең басты құралға айналады, - деп айтылады сауалда. – Үкімет бұл бағытқа лайықты көңіл аударуда, оған 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу жүйесін жетілдіру бойынша Кешенді жоспарда жыл сайын 1000 бірліктен кем емес стандарттар әзірлеу жоспарланғаны айғақ болады.
Бұл мақсаттарға 8,5 млрд.теңге шамасы мөлшерінде бюджеттік қаражат бөлінді (2015 ж. – 1 млрд. 185 млн.тг, 2016 жыл – 1 млрд 268 млн.тг., 2017 жыл – 1 млрд 357 млн. тг., 2018 жыл – 1 млрд 452 млн. тг., 2019 жыл -1 млрд 554 млн. тг., 2020 жыл – 1 млрд 663 млн.тг.), яғни орташа алғанда бір стандартты әзірлеуге 1,5 млн. теңгеге дейін келеді».
Сонымен қатар, депутат атап өткендей, Ғаламторда ашық қолжетімділікте көптеген елдердің және өндірушілердің, соның ішінде орыс тілінде де қазіргі таңдағы қолданыстағы халықаралық, ұлттық және ішкі стандарттарының базалары бар.
Және кейбір мәліметтер бойынша, техникалық реттеу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган, өздігінше стандарттарды әзірлеудің орнына, қолданыстағы бөтен стандарттарды жай ғана имплементация (мұқаба ауыстыру) жолымен бөлінген бюджеттік қаражаттарды табысты игерумен айналысуда. Бұндай кірме, біреуден алып пайдаланылған стандарттардың үлесі мамандармен 70 және одан да көп пайызбен бағаланады, алайда бюджеттік қаражат бұл кезде «өздігінше әзірленген» құжаттар сияқты есептен шығарылады.
Сонда ашық қолжетімділіктегі құжатқа таза номиналдық түрде «ҚР ұлттық стандарты» мәртебе бергені үшін, мемлекет толып жатқан құжаттамалық, технологиялық және өндірістік процедураларды кіргізетін толыққанды әзірлеме ретінде сол 1,5 млн. теңгені төлейтін болғаны ғой», - деген сұрақ қояды «Ақ жол» депутаттары. Олар бұл жағдайда кем дегенде бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану орын алып отыр деп санайды.
Олардың пікірінше, қолданылатын тәсілдеменің басқа да жағымсыз әсері бар. Қазақстанға автоматты түрде әкелінетін шетелдік стандарттар, сол елдермен өндірілетін өнімге бағдарланған.
Сонымен, отандық өндірушілердің мүддесін қорғау рөлінің орнына, көз жұмып қосарланушылық жолымен орнықтырылған стандарттар жүйесі қазақстандық үшін емес, тіпті біздің ішкі нарығымыздың өзінде шетелдік өнім үшін көпе-көрінеу басымдылық беріп жатыр.
«Одан да түсініксізі, мемлекеттік қаражаттың есебімен қабылданған ҚР ұлттық стандарттары кенеттен «коммерциялық ақпарат» болып шықты, ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес ұлттық стандарттар – бұл халықтың қалың тобына қолжетімді стандарттар екеніне қарамастан, оған деген қолжетімділік ақылы негізінде жасалған», - деп атап өтті Никитинская.
Осыған байланысты ҚДП депутаттық фракциясы Үкіметке мынаны ұсынады:
1. Біреуден алынған кірме стандарттар ҚР ұлттық стандарттары ретінде, тек, егер де Қазақстанда осындай өнімнің өзінің өндірісі болмаған жағдайда ғана бекітіле алады деп анықталсын.
2. Отандық өндірушілер бар болса, олармен шығарылып жатқан өнімге ұлттық стандарттар тек сондай кәсіпорындардың немесе салалық (сала аралық) бірлестіктердің тікелей қатысуымен әзірлене алады деп белгіленсін.
Мұндай ұлттық стандарттарды әзірлеу барысында шетелдік аналогтар алдында қазақстандық өнімнің артықшылығын қалыптастыратын сипаттамасын тиянақтауды қамтамасыз ету қажет.
3. «Мұқабаны ауыстыру» әдісімен қабылданатын стандарттарды бекіту үшін кететін шығындар айтарлықтай қысқарту жағына қайта қаралсын. Ашық дереккөзінен алып пайдаланылған құжаттар үшін ақы төлеу, қызметкердің жалақысы көлемінен аспауы керек, яғни 1,5 млн.орнына 100-150 мың теңге төленуі тиіс деп санаймыз.
4. Мемлекеттік қаражат есебінен, әзірленген ұлттық стандарттардың мәліметтер базасына ашық қолжетімділік тегін негізде қамтамасыз етілсін.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қазақстандық өндірушілердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.