Бюджеттік қаражатты бүкіл қоғамның мүддесінде тиімді пайдалану экономикалық саясаттың маңызды элементі болуы тиіс – Азат Перуашев
2015 жылдың 2 наурызы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Бюджеттік қаражатты бүкіл қоғамның мүддесінде тиімді пайдалану «Нұрлы жол» экономикалық саясатының маңызды элементі болуы тиіс – бұл жөнінде өткен бейсенбіде Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг барысында Азат Перуашев мәлімдеді.
Ол, кешегі Мәжіліс отырысында фракция Үкіметтің бюджеттік инвестицияларды басталып кеткен жобаларды аяқтауға жұмылдыру және жаңалардың қаржыландыруын келесі кезеңге ауыстыру ұсыныстарын тұжырымдамалық түрде алғанда дұрыс деп мәлімдеген, - деп еске салды.
Былтырғы жылдың 19 қарашасында-ақ, Мәжілістің пленарлық отырысында 2015-2017 жылдарына арналған бюджеттің жобасын талқылау кезінде, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы құжаттың тым оптимистік болғанын атап өткен.
Демократтар көшбасшысы А.Перуашев өзінің сөзінде болып жатқан үдерістің нақты бағасының қажеттілігі туралы айтқан және «Макроэкономикалық тұрақтылықтың сақталуы бойынша өсіп келе жатқан несиелердің тоқтатылу тәуекелдіктерін, жеке инвестицияларды қолдану және қысқартуын есепке алатын шынайырақ сценарийді негізге алу қажет» деп ұсынған.
Мұндай тәсілдеме мемлекеттік шығындардың көлеміне және мемлекеттік инвестициялардың параметрлеріне сыни тұрғыдан қарауға мүмкіндік берер еді... 2015-2016 жылдары тұрақтылықты нығайту 2017 жылы экономикалық өсудің үлгісіне оралуға мүмкіндік жасар еді».
«Ақ жол» депутаттары сыртқы жағдаяттың әрі қарай нашарлауы кезінде, бюджеттің төмендеуі жағына қайта нақтылау қажеттілігі туындайды деп болжамдаған. Өкінішке орай, қауіптенуіміз расталды, және үш ай өткен соң Мәжіліске жаңа түзетулерді қарастыруға тура келді.
Сонымен қатар, бюджетті нақтылау фактісінің өзі жағдайды парасаттылықпен бағалау және шындықтың бетіне тіке қарауға дайындықты көрсетеді, - деп атап өтті Азат Перуашев. Ол, «Ақ жол» партиясына, бизнестің өкілі ретінде жобада ұсынылған, мемлекеттік шығындарды азайып жатқан кірістерге сәйкес келтіруге құрметпен қарамау мүмкін еместігін атап өтті.
«Кез келген отбасында, кез келген компанияда, кез келген мемлекетте тапқаныңнан көп жұмсау жағына жете ойластырылмаған ұмтылыс өте келеңсіз салдарларға жетелейді. Бүгін қарастырылатын бюджет жобасында біз мұндай тәуекелдіктерді едәуір деңгейде азайтамыз», - деп мәлімдеді демократиялық фракцияның жетекшісі.
Бұдан басқа, «Ақ жол» ҚДП фракциясы даму бағдарламалары бойынша шығындарды сақтап қалудағы Үкіметтің қараша айындағы талпынысы да, қазіргі түзетулерде салынған мемлекеттің әлеуметтік шығындарын қамтамасыз ету де Қазақстанның бюджеттік саясатын әлеуметтік-бағдарланғандығын сипаттайды, ол қазіргі оңай емес кезеңде тіпті де маңызы аз емес және қоғаммен лайықты бағалануы керек деп санайды.
Дегенмен, Азат Перуашев «Қазақстанның экономикасына және әлеуметтік-бағдарланған бюджет саясатын жүргізуде жағымсыз сыртқы әсерлерді азайтқаны үшін, бізге аз емес құнын төлеуге тура келеді, бұны да анық түсіну керек», деп алдын ала болжайды.
Бұған байланысты, демократиялық фракция Үкіметпен ұсынылып жатқан бюджетке енгізілетін түзетулер пакетін қолдау мүмкін деп санайды.
Сонымен бірге, «Ақ жол» төрағасы «Жаңа жобаларға инвестициялаудан бас тарту, жаппай емес, мейлінше атаулы болуы мүмкін екендігін» атап өтті және жоғары рентабельді индустриалды жобалар бойынша жұмысты жеделдетуді ұсынды, олардың іске қосылуы салық түсімдерінің көбейуін қамтамасыз етер еді.
«Мемлекеттік инвестициялық саясатына түзету тек шығындардың қысқартуын көздеп қана қоймай, жаңа салық төлеушілерді қатарға кіргізу есебінен және салық салынатын негізді кеңейту арқылы бюджет кірістерін көбейту мақсатын да көздеуі тиіс»,- деп атап өтті «ақжолдықтар».
Осыған байланысты фракция Үкіметке егер мұнайға және металға әлемдік бағалар орнықтылыққа бет бұрса, инвестицияларды қаржыландыруды қалпына келтіруді және нақты секторды қолдау тілегін білдірді.
Бұдан басқа, Президент Назарбаевтың бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық қордан бөлініп отыратын мол ауқымды қаражатты, сондай-ақ Есептік комитеттің есептеріндегі қаражаттарды тиімсіз пайдаланудың тұрақты мысалдарын ескере отырып, Азат Перуашев бағдарламалардың әкімгерлерін бюджеттік ақшаға ұқыпты қарауға шақырды және лауазымды тұлғалардың бұл қаражаттардың тиісінше пайдалану жауапкершілігі туралы ескертті.