25
Ақпан

«Ақ жол» алдын алу екпелерін халықты міндетті хабардар етуді есепке ала отырып өткізуге бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдауды талап етеді

 
2015 жылдың 25 ақпаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
«Ақ жол» алдын алу екпелерін халықты міндетті хабардар етуді есепке ала отырып өткізуге бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдауды талап етеді – кеше Мәжілістің пленарлық отырысы барысында Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттық сауалын Меруерт Қазбекова  жариялады.
Сауалдың толық мәтіні төменде келтіріледі.
 
2015 жылдың 25 ақпанында жарияланды.
 
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
К.Қ.Мәсімовке
Депутаттық сауал
 
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
 
 
Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау үшін  Үндістанда  шығарылған 1 млн. вакцина  дозасы сатып алынды және 2015 жылдың 19 ақпанына 500 мыңға жуық жасөспірімдерге екпе жасалды. 

Сонымен бірге, а.ж. 11 ақпанында қызылшаға қарсы екпеден кейін Теміртау қаласындағы медициналық колледжінің екпе жасалған 178 студенттерінің  ішіндегі 18-і  ауруханаға түсті.
БАҚ мәліметтері бойынша,   Маңғыстау облысында ауруханаға 60-қа жуық жасөспірімдер түсті, оның жетеуі – жан сақтау бөлімінде.
Сондай-ақ Атырау және Бейнеу ауылының әрқайсысында қызылшаға қарсы екпеден кейін  ауруханаға жатқызылған алты жағдайдан тіркелді. Бұдан басқа, Жаңаөзен қаласының ауруханасында  екпеден кейін түрлі шағымдармен түскен, 35 адам қалып отыр.
Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауы бойынша, иммундау 2015 жылдың 2 наурызына дейін тоқтатылды. Бұл уақытқа дейін тексеру және вакцинаға  сараптама жүргізуді аяқтау жоспарланып отыр.
Алайда, аталған жағдайлардағы алдын ала тексеру нәтижелері бойынша, шенеуліктермен БҰЛ иммундаумен байланысты емес және жас өспірімдердің жасына тән, психоэмоциялық орнықсыздықтың,  дара сезімталдықтың көрсетілу салдары деп бағаланып, сендіріліп отыр. Сонымен қатар тұрғындар қызылшаға қарсы вакцинаны егу үшін, жақпаушылық болатыны жайлы хабардан етілмеген.
«Ақ жол» депутаттық фракциясы бірнеше жыл бойы вакцинация жүйесінде тәртіп орнату туралы  мәселелерді әрдайым көтеріп отырғандығын, папиллома вирусынан вакцинацияның кері зардаптары туралы екі рет сауал жасағанын еске түсіреміз. Бізбен ата-аналарды жағымсыз салдарлардың және жанама әсерлердің ықтималдығы туралы міндетті түрде  жазбаша хабарлай отырып, вакцинацияны тек ерікті режімде жасау ұсынылған. Денсаулық сақтау министрлігі өзінің жауабында халық ішінде  ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізуді уәде еткен және вакцинация ерікті негізде ата-аналардың жазбаша келісуімен жасалады деп мәлімдеген.
Бүгін қызылшаға қарсы вакцинация жасау кезінде жақпаушылықтар және жанама салдардың болуы туралы хабарлауға не кедергі болып тұр? Барлық адамдар, соның ішінде біз де, өзіміздің жақындарымызды жаман аурулардан сақтап қалғымыз келеді. Бірақ бұны, жақсылап зерттелген, ең бастысы – қауіпсіз дәрі-дәрмектермен жасау керек. Біз, вакцинация жасау кезінде ата-аналарға, жанама белгілердің қатерлерін қоса алғанда, толық ақпарат берілуі тиіс екендігіне сенімдіміз.
Сонымен бірге уәкілетті мемлекеттік орган ата-аналарға вакцинацияның жағымсыз салдарларының болуы мүмкін екендігі туралы қолдарын қойғызып, ескере отырып өз баласының вакцинациясы туралы шешімді саналы түрде таңдау еркіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Бүгін, Шығыс – Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы аталған үнділік вакцинаны сапасыз деп танығаны белгілі болды.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, Сізден, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, осы жағдайды реттеп және халыққа алдын алу екпелерін халықты міндетті түрде хабардар етуді есепке ала отырып, өткізуге бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдауыңызды сұраймыз.
Сауалды қарастыру нәтижелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен хабарлауыңызды сұраймыз.
 
 
 
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары