31
Наурыз

Депутат Әбсатиров Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездесті

2018 жылғы 31 наурыз, «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облысының филиалы

Депутат Әбсатиров Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездесті. Әбсатировтың аймақтағы жұмыс сапары 29 наурызда облыстық мәслихат депутаттарымен және облыстағы партия активімен кездесуден бастау алды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

          

Дәл сол күні Мәжіліс депутаты Кеңес Әбсатиров облыстық этно-мәдени орталықтың өкілдерімен жүздесті.

           

30 наурыз күні депутат шыны зауытында, «Абзал және К» компаниясында болды. Аталған кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесу барысында депутат парламенттік жұмыс туралы әңгімеледі, олардың шешілмеген мәселелерін тыңдап, сұрақтарға жауап берді.

Сол күні Байқоңыр ғарыш айлағына да барып қайтты.

          

Ал 31 наурызда Әбсатиров Қызылорда гуманитарлық-техникалық колледжіне ат басын тіреді. Сапар барысында ол оқу кабинеттерімен танысып, колледждің педагогикалық қызметкерлерімен және студенттерімен әңгіме өрбітті.