«Ақ жол» партиясының Орталық Кеңесінің пленумында Президенттің жолдауын талқылап және партияның жаңа саяси бағдарламасын бекітті
2014 жылдың 15 желтоқсаны, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі
Өткен сенбі күні болып өткен «Ақ жол» партиясының Орталық Кеңесінің пленумында Президенттің жолдауын талқылап және партияның жаңа саяси бағдарламасын бекітті.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа саяси бағдарлама партияның ХІ съезінің шешімімен әзірленген болатын. Жыл барысында жоба кеңінен талқыланды, өзгертулер мен толықтырулар енгізілді – соңында құжат партия ішілік плебисцитке енгізілді.
Отырыста сонымен қатар «Ақ жол» ҚДП-ның 2015-2020 жылдарға арналған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын тарату жөніндегі бағдарламасы талқыланды.
ОК партияның Алматы қаласы және Батыс Қазақстан облысы филиалдарының есептерін тыңдады, аталған филиалдардың төрағалары Д.Васильев және С.Мерғалиевтардың сайлануы туралы аймақтық конференциялардың шешімдері бекітілді.