«Ақ жол» орталық кеңсесінде Индонезия делегациясының парламентегі Фракция депуттатарымен кездесу өтті
23 қыркүйек 2014 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» орталық кеңсесінде Индонезия делегациясының парламенттегі Фракция депуттатарымен кездесу өтті. Қазақстан – Индонезия ынтымақтастық тобында Индонезия парламенттік делегациясының 5 партияның 10 депутаты таныстырылды. Кездесуде ҚР-ғы Индонезия елшісі Фостер Гултом қатысты.
Сонымен бірге кездесуде «Ақ жол» ҚДП депутаттарымен, партияның ОК хатшылары, орталық аппараттың басшылығы қатысты.
Фракция жетекшісінің орынбасары Е.Никитинская қонақтарға фракция қызметі жөнінде ақпараттандырды. «Біздің фракция парламентте бизнес мүддесіне өкілдік етеді, біздің депутаттардың арасында – ірі бизнес – қауымдастықтардың басшылары бар: МЕК, құрылыс одақтары, құсбегілер, әйел-кәсіпкерлер т.б. – деп айта кетті. Бізде Еуропа елдерінің парламенттік партияларымен жүргізілген бірнеше келіссөздер бар, қазіргі кезде Еуропаның либералды партияларының қауымдастығына кіру жөнінде жұмыс атқарылуда. Біз үшін Шығыс елдерімен де байланысты жақсарту өте маңызды – сонықтан да, біз барлық бастамашылықты ашық қолдаймыз. Біздің тұғырнамамызда әлеуметтік саламен қатар, экономикалық саланың болуына байланысты, біз үшін, еліміздегі бизнестің өзара әрекеттесуі мен дамуына қатысты кез келген ұсыныстарды мұқият қарау өте маңызды».
Өз кезегінде, делегация басшысы Доди Нурдиннің, келудегі басты мақсаты - елдеріміздің сауда-саттық, қаржыладыру, энергетика, туризм, мәдениет салаларында тығыз байланыста қызмет етуі, болып табылатынын айтты. «Біз арамыздағы туындаған мәселелерді және заң шығарушылық деңгейінде бірлесіп жасаған жобаларды өзара келісіммен қолдаудың мүмкіншіліктеріне зор мән бере отырып қарастырғымыз келеді, - деді депутат. – Қазақстан біздің стратегиялық әріптесіміз, қазіргі уақытта, біздің елдеріміздің кәсіпкерлерінің өзара қарым-қатынас туралы 10 мемарандум жасалды, сондықтан біз сіздердің көмектеріңізбен жобаларды ойдағыдай жүзеге асырамыз деп, үміттенеміз!»
Елші мырза Фостер Гултом «Ақжолдықтарды» жылы қабылдағандары үшін алғысын білдірді: «Бұл Индонезия Парламенттік делегациясының Қазақстанға екінші рет келуі. Ынтымақтастық қарым-қатынастарды жақсартуда өзіндік байланыс орнатуда және арнай фактордың маңызды рөл атқаратындығы құпия емес, сондықтан жұмыстың әрі қарай жалғасуына және қазақстандық парламент мүшелерінің біздің елімізгеде іс-сапармен келеді деп, үміттенеміз!»
Кездесу барысында жемқорлықпен күрес, гендерлік политика және жұмыспен қамту жөніндегі сұрақтар талқыланды.