04
Сәуір

Санат жоқ 04.04.2018

Азат Перуашев Алматы технологиялық университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесті

2018 жылғы 4 сәуір, «Ақ жол» ҚДП Алматы қаласының филиалы

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары аясында Азат Перуашев Алматы технологиялық университетінің (АТУ) оқытушылары және студенттерімен кездесті. Қалалық партия активінің мүшелері де халық қалаулысымен бірге болды. Іс-шараға сондай-ақ, білім ордасының Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы Рудик Мнацаканян, Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Любовь Худова да қатысты.

           

Аталған университет ректоры Талғат Құлжанов арнайы іскерлік сапармен келген қонақтарды жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігімен, қызмет барысымен таныстырып, университет ғалымдарының ғылыми зерттемелерін де тілге тиек етті. Сонымен қатар, депутатқа оқу ғимараттары мен зертханаларды көрсетті.

           

Алматы технологиялық университеті (АТУ) Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Алпыс жылдан бері азық-түлік, өңдеу, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету және қонақжайлылық үшін жоғары білікті мамандар мен ғылыми кадрларды дайрлауды жүзеге асырып келеді.

          

Университеттің акт залында профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттермен кездесу өтті. Азат Перуашев Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының басты мәнін түсіндірді. Сонымен бірге ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» парламенттік фракциясының қызметі туралы әңгімеледі. Кездесу барысында білім беру жүйесінің өзекті мәселелері, қосарлы жүйені енгізу, түлектерді жұмыспен қамту проблемалары және тамақ өнеркәсібіндегі түйткілді мәселелер талқыланды.

           

Сондай-ақ, студенттер тұрғын үй мәселесі, білім гранттарының бөлінуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, кейбір телеарналардың моральдық аспектілері және әлеуметтік желілердегі блогерлердің жазғаны мен сөйлеген сөздері туралы күрделі сұрақтар қойды. Қойылған әрбір сауалға тыңғылықты, пайымды әрі шын мәнінде қалай солай жауаптар берілді.

          

Азық-түлік өнімдері факультетінің Университеттің ғылыми-технологиялық орталықтарыа барып, өз көзімен көру – бағдарламаның басты мақсаттарының бірі болды.

Ғылым мен іс-жүзіндегі тәжірибе арасындағы байланысты нығайту, қолданыстағы ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің қажет екені туралы айтылды.

nbsp;