2018 жылғы 3 сәуір, «Ақжол» ҚДПАқмолаоблыстықфилиалы
Зеренді сұлу табиғатымен ғана емес, тарихи көне ескерткіштерімен де ерекшеленеді.
Еңселі салынған ескерткіштер көп болмаса да, ұлы бабалар ізі сайраған құндылықтарымен тәнті еді.
Елбасының рухани жаңғыру идеясы аясында мұнда көп іс шаралар қолға алынды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Зеренді ауданына сапары кезінде аудан әкімі Мереке Мұстафинмен кездесіп, рухани жаңғыру тақырыбында әңгіме өрбітті.
Халық қалаулысы осы өңірден шыққан айтулы тұлға қарауыл Қанай бидің есімін жаңғырту мәселесін қозғады. Ол болашақта музей ашу туралы ойдың бар екенін де ортаға салды.
Жалпы, туристік кластерді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар әңгіме арқауына айналды.