02
Сәуір

Емдеу мекемесі жекенің қолына өтіп кетпесе екен...

2018 жылғы 2 сәуір, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Бурабай аудандық көпбейінді ауруханасында болып, материалдық-техникалық базасымен танысты.

            

Бүгінде бұл емдеу орны «Авицена Бурабай» серіктестігіне сенімді басқаруға берілген. Жақында инвестордың қаржысы есебінен күрделі жөндеу жүргізіліп, осы заманғы жаңа құрал-жабдықтар сатылып алынған.

Халық қалаулысы аурухананың базасымен таныса келе, жеке меншік инвестордың қаржыны қандай мақсатта салғанына назар аударды. Дәрігерлермен де пікір алмасты.

            

Меруерт Қазбекова парламенттік фракция денсаулық сақтау мекемелерін жекешелендіруге қарсы екенін атап көрсетті. «Бір жағынан мұндай мекемелерді жекешелендіру үшін сол өңірде оған балама денсаулық сақтау орны болуы керек», - деп атап өтті Қазбекова.

Жалпы, аталған емдеу орны мемлекеттік қаржы есебінен тұрғындарға қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта бұл үрдіс жалғасын табуы тиіс. Ең бастысы, заңсыз жеке қолға өтпесе деген ой ортаға салынды.