04
Шілде

«Ақ жол»: Қазақстан курсанттарының ұшу дайындығына бөлінген бюджеттік қаржы не себепті аты онша белгісіз шетелдік оқу орталықтарына қызмет көрсетуге жұмсалады?

2014 жылдың 4 шілдесі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Қазақстан курсанттарының ұшу дайындығына бөлінген бюджеттік қаржы не себепті аты онша белгісіз шетелдік оқу орталықтарына қызмет көрсетуге жұмсалады? – ақжолдықтар осындай сұрақпен Көлік министрі Ж.Қасымбекке шықты.
Үндеухат Азат Перуашевтің Қазақстандық шағын авиация және қазақстандық ұшу орталықтары Қауымдастығы басшылығымен кездесудің қорытындысымен қабылданды.
Қауымдастық вице-президенті Өмірбек Кеңесбаев «2013 жылдан бастап мемлекетпен ұшу мамандықтарының студенттерінің оқу-практикалық дайындығына едәуір қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті: Қазақстан Азаматтық авиациясы Академиясының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда – қазіргі заманғы екімоторлы оқу ұшақтары және FNRT жаттығу құрылғысын алу үшін қаржы бөлінді;  ұшу дайындығының көлемі курс үшін 40-тан 150-ге, кейінірек 200 сағатқа дейін арттырылды.
Бюджеттік ақша қазақстан авиациясы үшін барынша пайдалылықпен жұмсалды, өйткені студенттердің практикалық әзірлігін қазақстандық кәсіпорындар жүргізді, - деп есептейді ұшу орталықтарының өкілдері. Олардың айтуынша, игерілген қаржының сомасы жартымиллиардқа жуық теңгені құрады. Ең заманауи талаптарға жауап беретін  Италияда шығарылатын TECNAM 2002JF жаңа оқу-жаттығу ұшақтары сатып алынды. 13 ұшақ (5  АН-2, 7-шетелдік), 18 ұшқыш-нұсқаушылар, 50-ден астам инженерлік-техникалық қызметкерлер тартылды. Нәтижесінде, 70 курсант екі түрлі ұшақта өздігінен ұшудың тұрақты дағдыларын алды.  
2014 жылы оқу техникасын алуға және ұшу практикасын өткізуге қазірдің өзінде Үкімет 1,7 млрд-тан астам теңге бөлді. Бірақ а.ж. басында Азаматтық Авиация Комитеті (одан әрі - ААК) бөлінген қаржы шетелдік ұшу оқу орталықтарына қызмет көрсетуге жұмсалатынын хабарлады.
«Басты дәлел ретінде ААК-нің  АН-2 ұшағымен студенттерді дайындауға тыйым салу туралы өкімі келтіріледі. Бұл азаматтық әуе кеңістігіндегі Тізілімде АН-2 ұшағы ең көбі  болып отырған кезде  орын алып отыр (300 бірліктен астам немесе кіші авиацияның барлық паркінің 86 пайызы). Және де дүние жүзінде ұшуға оқыту процесінде АН-2 ұшағын қолдануға тыйым салынған бірде-бір халықаралық авиациялық стандарт жоқ,- дейді наразылықпен «Тянь-Шань» ұшу орталығының бас директоры Владимир Анцупов.
Біздің курсанттарды оқыту орталығы болып аты көпке белгісіз литвалық мектеп белгіленген, оның «еуропалық тіркеліміне» сілтеме жасалады, және оқыту құны 500 мың евро. ААК-ның мәліметтері бойынша бұл мектептің техникалық паркін АН-2 ұшағынан кем емес деңгейде тозығы жеткен, шығарылымы 30 жылдан астам бұрын тоқтатылған Cessna 150 және Piper ұшақтары құрайды!
 «Бұл дерек қолданыстағы заңнаманы тауарлармен, жұмыс және қызмет көрсетумен айналысатын қазақстандық жабдықтаушыларды қолдау бөлігінде бұзушылық болып табылады»,- деп есептейді Азат Перуашев. Мәселен, «Әкімшілік рәсімдері туралы» ҚР Заңының 22 бабында ел экономикасын қазақстандық жабдықтаушылардың үлесін негізсіз кемітуге жол беретін шешімдер қабылдауға тыйым салынған. Одан басқа, бұл ел экономикасынан әжәптәуір қаржының сыртқа кетуіне әкеледі.
 «Ақ жол» ҚДП-сы мұны министрлік басшылығымен, фракция депутаттарымен және кіші авиация өкілдерімен арнайы кездесуде талқылау және оны шешудің жарамды жолдарын табу қажет деп санайды.
 «Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысын жалғастыра береді.