2018 жылғы 16 сәуір, «Ақ жол» ҚДП Қарағанды облыстық филиалы
'Үмiт' - Мүгедек жандар қоғамдық бірлестігi бастамасымен ағымдағы жылғы 14- шi сәуірде Қарағанды қаласындағы «Балалар мен жеткіншектер» сарайында 'Үмітті жүрегi' атты дәстүрлі фестиваль өтті.
Мүгедек жандардың шығармашылық қабілетін дамыту арқылы олардың жанұясына қолдау көрсету. Осы мақсатта мүгедек балалар жанұясы арнайы шығармашылық қойылымдар әзiрледi.
Аталмыш фестивальға демеушілік етiп 'Үміт' мүгедек жандар қоғамдық бірлестігене қайырымдылық көрсеткен ҚДП 'Акжол' Қарағанды облыстық партиясының төрағасы Ермек Абильдин шақырылды.