2018 жылғы 19 сәуір, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» фракциясы Ұлттық қордың қаражатын анағұрлым ыждаһаттылықпен пайдалануға көшуді құптайды – бұл туралы Азат Перуашев 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді.
Өз сөзінде «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Мемлекет басшысының жолдауын және бес жаңа әлеуметтік бастаманы іске асыруға бағытталған бюджет түзетулерін қолдап, , бұл турасында фракцияның ұстанымын білдірді.
«Тауар нарықтарындағы ахуалдың жақсаруына және мұнай бағасының өсуі болжамының болуына орай Ұлттық қорды кезең-кезеңмен толықтыруға мүмкіндіктің пайда болу фактісі аса маңызды көңіл қуантарлық сәт болып саналады.
Сонымен қатар, үкіметтің ағымдағы экономикалық мүмкіндіктерге сүйене отырып, Ұлттық қорға қосымша сауалдар жолдаудан бас тартқанын позитивті факт ретінде атап өту керек », - деді Перуашев.
Ол өткен жылдарда түрлі мақсаттар үшін қаражат алу инвестициялық кірістерден әлдеқашан асып түскен кезде және Қордың жинақтаушы бөлігіне қол сұға бастаған сәтте ел үкіметінің шамадан тыс Ұлттық қордың трансферттерімен әуестенуін парламенттік фракцияның бірнеше мәрте сынға алғанын еске сала кетті.
«Сондықтан да, бүгінгі күні «Ақ жол» фракциясы Ұлттық қордың қаражатын анағұрлым ұқыпты пайдалануға және оның кірістерін арттыруға көшуді сөзсіз құптайды», - деп атап өтті депутат.
Перуашев бұл ақшаның бізге емес, қазақстандық болашақ жас ұрпаққа тиесілі екенін баса айтты.
«Біздің міндет – Ұлттық қор қаржысын жұмсап тастау емес, оны арттыра түсу.
Тек бір-ақ нәрсе түсініксіз, неліктен осы бір қарапайым ғана ақиқатты ұғыну үшін осыншама ұзақ уақыт қажет болды», - деп ол өз ойын толықтырып өтті.
Бұдан басқа, «Ақ жол» жетекшісі Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының бірқатар қоғамдық сұранысқа ие басымдыққа ие мәселелерді шешуге бағытталған қаражаттың бөлінуін айрықша атап өтті.
«Жуырда ғана болған депуттаттардың өңірлерге сапары аясында осы бес бастаманы халықпен талқылау Президенттің берген тапсырмалары мен оның біздің отандастарымыздың басым көпшілігі үшін өзектілігі аса қажеттілікке ие екенін анық көрсетті.
Біздің фракция бюджеттің осы баптарын қолдауға дайын, - деп мәлімдеді Перуашев.