31
Мамыр

Санат жоқ 31.05.2018

Азат Перуашев «АЛАШ АРЫСТАРЫНА ТАҒЗЫМ» шеруін өткізуді ұсынды

2018 жылғы 31 мамыр, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

31 мамыр –  саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық күні – «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары мен Орталық кеңсесінің қызметкерлері қуғын – сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» қасірет кешенінде болып, гүл шоқтарын қойды.

             

«Ақжолдықтар» іс-шараның соңында жазықсыз жапа шеккен жандардың аруағына қол жайып, құран бағыштады.

«Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев әрiптестерiне келешекте осы күнi қуғын-сүргiнге ұшыраған аталарының суреттерiмен шығуды ұсынды.

             

– 31-мамырда құрбан болған арыстар суреттерін алып шығатын шеруді «Алаш арыстарына тағзым» деп, немесе «Мың өлiп, мың тiрiлген Алаш» деп атау керек,- деді «Ақ жол» жетекшісі Азат Перуашев.

            

Ақжолдықтар  ашық аспан астындағы мұражайды аралап, зұлмат жылдардың  қасіретімен танысты.