2018 жылғы 31 мамыр, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық күні – «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары мен Орталық кеңсесінің қызметкерлері қуғын – сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» қасірет кешенінде болып, гүл шоқтарын қойды.
«Ақжолдықтар» іс-шараның соңында жазықсыз жапа шеккен жандардың аруағына қол жайып, құран бағыштады.
«Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев әрiптестерiне келешекте осы күнi қуғын-сүргiнге ұшыраған аталарының суреттерiмен шығуды ұсынды.
– 31-мамырда құрбан болған арыстар суреттерін алып шығатын шеруді «Алаш арыстарына тағзым» деп, немесе «Мың өлiп, мың тiрiлген Алаш» деп атау керек,- деді «Ақ жол» жетекшісі Азат Перуашев.
Ақжолдықтар ашық аспан астындағы мұражайды аралап, зұлмат жылдардың қасіретімен танысты.