01
Маусым

Санат жоқ 01.06.2018

«Ақ жол» фракциясы британиялық парламенттің депутаттар делегациясын қабылдады

2018 жылғы 1 маусым, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» фракциясыҰлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі Парламентінің депутаттары делегациясын қабылдады. Делегация құрамында: Боб Стюарт – Британ Парламенті қауымдар палатасының мүшесі (Консервативтік партия), Деннис Роган – Лордтар палатасы Төрағасының орынбасары (Консервативтік партия), Стефен Хепберн – Британ Парламенті қауымдар палатасының мүшесі (Лейбористік партия).

            

Кездесу барысында экономикалық және парламентаралық ынтымақтастық жөнінде мүдделі қызу әңгіме өрбіді.

Қонақтар «Ақ жол» партиясының саяси саладағы басымдықтарына қызығушылық танытты, ал фракцияда бизнес өкілдерінің болуы ерекше таңданыстарын тудырды.

Еуропалық Одақпен қарым-қатынас, Брексит мәселесі, Астана Халықаралық Қаржы Орталығын (АХҚО) құру тақырыбында, сондай-ақ ядролық қарудан бас тарту, нарықтық реформалар, инвестицияларды қорғау, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру секілді Президент Назарбаевтың бірқатар бастамалары туралы ой қаузады.

Британдық әріптестер басқосуды жалғастыру үшін «Ақ жол» депутаттарын Ұлыбританияға шақырды.