2018 жылғы 5 маусым, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақжолдықтар» фракция кезінде «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы туралы ақпаратты тыңдады – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова оны жүзеге асырудың шарттарымен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» жеңілдетілген ипотекасы – ағымдағы жылғы 5 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған Президенттің бес әлеуметтік бастамаларының бірі.
Сонымен, аталған ипотекалық несие беру бағдарламасы екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылатын болады. Оның операторы – арнайы құрылған «Баспана» ипотекалық компаниясы.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы атап өткендей, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тек ресми кірісі бар қазақстандықтар ғана несие алуға өтініш бере алады. Бұдан басқа, жекеменшік құрылыс салушылардан несиелер тек бастапқы тұрғын үйге беріледі. Бағдарламаға қатысудың негізгі шарттарының бірі – тұрғын үйдің болмауы.
«7-20-25» бағдарламасы қазақстандықтардың үлкен қызығушылығын тудырды. Оның шарттары таяуда ғана бекітілген болса да, оны жүзеге асыру жылдың екінші жартыжылдығында басталып кетті. Бағдарламаның әлеуеті өте жоғары – бес жыл ішінде әр жыл сайын 200 миллиард теңгеден жалпы триллион теңге түседі деп күтілуде. Бұл қарапайым қазақстандықтар үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері», - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.
«7-20-25» бағдарламасының таныстырылымы өте қызықты өтті, талқылауға бейнеконференция байланысы арқылы партияның аймақтық филиалдары да қатысты.
Ләззат Ибрагимова бағдарламаның шарттары мен артықшылықтары, жастардың оған қатысу мүмкіндіктері туралы сұрақтарға жауап берді.