04
Шілде

Санат жоқ 04.07.2018

Ақындарға – «Ақ жол» - дың жүлдесі

2018 жылғы 4 шілде,«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Бүгін Көкшетау қаласындағы «Әдебиет және өнер» музейінде «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалының Астана қаласының 20 жылдығына арнап ұйымдастырған «Ел жүрегі – Елорда» атты жас ақындар мүшәйрасы мәресіне жетті. Ақтық сынға дараланып шыққан тоғыз ақынның шығармаларына Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының директоры, танымал ақын Алмас Темірбай және филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Есболат Дүйсенбаев әділқазылық етіп, төрелігін жасады.

      

Елорданы жырлаған ақындар арасында үздік шыққан Аршалы ауданы Сарыоба ауылында тұратын жас ақын Құрмет Құралхан бас жүлдені  иеленсе, қалған екі орынға көкшетаулық Серғазы Қайырболды және Қуаныш Оспан лайық деп табылды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен  Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, «Сауда пласт» құрылыс компаниясының президенті Ғалымжан Копишевтің демеушілігі негізінде ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

       

Біз осы шараға белсене қатысқан ақындарға және Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының директоры, ақын Алмас Темірбайға, «Әдебиет және өнер» музейінің директоры Нұрбек Нұралыға және басқа да азаматтарға өзіміздің ризашылығымыз білдіреміз.