2018 жылғы 11 шілде, «Ақ жол» ҚДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлан Барлыбаев және Берік Дүйсембинов аймақтарға жұмыс сапары аясында сайлаушылармен кездесіп, халық тұрмыс тіршілігімен танысты.
Парламент қабырғасында қабылданған заңдарға түсініктеме беріп халықтың талап тілектерімен танысуда. 10 шілдеде «Ақ жол» партиясының халық қалаулылары Семей қаласында орналасқан Селикат зауыт басшыларымен кездесіп, өндіріс ошағының жұмысымен танысты.
Зауыт басшылары кәсіпорынға қатысты мәселелермен ой бөлісті.
Келесі кездесу Семей қалалық кітапханасында зиялы қауым өкілдері қатысуымен «Рухани жанғыру» бағдарламасына қатысты мәселелер талқыланды. Б. Дүйсембинов Елбасының ұсынысымен қабылданған бұл бағдарламаның Абай елінде Алаш орданың астанасы болған Семей шахарында қарқынды жүруі қажет екендігін қадап айтты.
Е. Барлыбаев өзінің аталарының Алаш қозғалысына қатысып 1937 жылдары репрессия құрбаны болғандығын ашына әңгімеледі. Семейліктер атом сынақ палигонына қатысты заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізудін қажеттілігін, ұлы Абайдың 175 жылдық тойына қатысты үкімет қаулысының қабылдануын, мектептерде Алаш қозғалысына қатысты арнайы пәннің өтуі туралы ұсыныстарын білдірді.