16
Шілде

Жаңа қарттар үйі салынады

2018 жылғы 16 шілде, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Біз Парламент өкілі Берік Дүйсембиновпен бірге Макинка ауылына ат басын тіредік. Жол бастап бас сұққан қарттар үйі жүдеу екені алыстан мен мұндалайды. Оның да өзіндік сыры бар. Себебі, мұндағы ғимараттар өткен ғасырдың басында салынған екен.

             

Депутат Берік Дүйсембинов те аудандағы көп ғимараттардың тарихы тереңде жатқанына назар аударды. Аудан басшысы алдағы уақытта мұнда үш қабатты жаңа ғимарат іске қосылатынын айтты. Құрылысы басталған нысанда да жұмыс қызғанын көрдік. Бір атап өтерлігі, мұнда жүзге таяу қарт адамдар болса, басым бөлігі өзге ұлт өкілі екені аңғарылды. Әрқайсысының тағдыры әрқилы. Сондықтан заман қасіретінен аттап кете алмайсың. Мемлекет мұндай жандарды далаға тастамайды.

             

Аталған мекеме директорының орынбасары Евгения Дельхман өз сөзінде қанша қамқорлық жасалса да, баланың ізгілігіне ештеңе жетпейді деді. Түрлері жүдеу, көңілдері пәс қарттарды көріп, тағдырдың осыншалықты қатігездігіне налыдық.

Бақыт Смағұл