18
Шілде

Депутаттың пікірі пәрменді

2018 жылғы 18 шілде, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласындағы кəсіпкерлерді дамыту орталығында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова бизнеске бет бұрып жатқан жас кəсіпкерлермен кездесіп, пәрменді пікірімен бөлісті.

            

Халық қалаулысына бірқатар сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар қайтарылды.

Бурабай өңірінің дамып жатқандығын ортаға салып, өз ойын білдірді.

            

Бұл жолы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 52 адамның 7-еуінің құжаты жолданып, 1-еуі несие алды. Бизнес-тренері Аслан Хасенов алдағы уақытта бұл бағытта жас кәсіпкерлерге алғашқы бизнес әліппесі үйретіледі деп атап өтті.

             

Халық қалаулысы өңірдегі бизнестің дамуына барлық мүмкіндіктер бар екенін атап көрсетті.