23
Шілде

Қорғалжында туристік әлеует мол

2018 жылғы 23 шілде, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Әлемге әйгілі қоқи қаздарымен танымал Қорғалжын жерінің табиғаты сұлу, көк айдын көлдері табиғаттың сыйы іспеттес. Осындағы мемлекеттік қорықта болған «Ақ жол» парламенттік фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова ерекше әсер алып, туризмді дамыту маңызды сала болуы керектігін баса айтты. Аудан әкімі Бауыржан Ғайсамен болған кездесу барысында да осы жайлар назарға алынды.

            

Бауыржан Ғайса аудан әкімі болып жақында ғана тағайындалды. Оған ақ жол тілеп,  туристік әлеуеті жоғары өлкені шеттен демалушылар көптеп келетін өңірге айналдыру қажеттігі әңгіме арқауы болды.

Парламент депутаты  жергілікті лицейде болып, оның техникалық-материалдық базасымен танысты. Білім берудің озық үлгілерін енгізу арқылы ғана оқу ордасы сапалы білім бере алады. Бұған мұнда барлық жағдай жасалғанына куә болып,  алда жаңа белестерден көрінуге тілектестігін білдірді.

             

Халық қалаулысының Қорғалжын ауданындағы жұмыс сапарында Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, «Ақ жол»  ҚДП Ақмола облыстық филиалы кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Ғалымжан Копишев бірге болды.