2018 жылғы 19 шілде, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Кеңес Абсатиров Зеленов ауданы Дариян ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандарды аралады.
Алдымен Дариян ауылында жаңадан ашылғалы отырған Дариян жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің құрылысы жұмыстарымен танысып, білім ордасының ішін аралап көрді.
Одан соң «Ақ жол» фракциясының депутаты Дариян модельді ауылдық балалар кітапханасының жанынан ашылған «Шабыт» коворкинг орталығымен жəне «Пчела Майя» жекеменшік бөбекжайының жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, Зеленов ауданы əкімінің орынбасары Ринат Шауенов Елбасы бастамасының маңыздылығы жөнінде және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүзеге асыру бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Фотосуреттер Зеленов ауданы әкімдігінің ресми сайтынан алынды zelenov-bko.gov.kz