27
Тамыз

Санат жоқ 27.08.2018

Қанжығалы Бапан Биге көше аты берілді

 2018 жылғы 27 тамыз, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы
Кешегі жоңғарлармен болған сұрапыл соғыс жылдарында Абылай ханның бас қолбасшысы атанған атақты Бөгенбай батырдың ұрпағы Бапан биге Көкшетау қаласының «Бірлік» мөлтек ауданында көше аты берілді.
              
             
Аталмыш тұсаукесер шарада сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов батырдың бір ұрпағы, саясаткер Азат Перуашевтің арнайы жолдаған құттықтау хатын оқып берді.
Жаңа атауға ие болған көшенің тұсаукесері алқалы шарамен жалғасты. Елге танымал ғалымдар, Бөгенбай батырдың ұрпақтары да арнайы келген.

            
«Ақ жол» фракциясының депутаты Бапан бидің есімін жаңғыртқан Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміровке ризашылық білдірді. «Өткен тарихты зерделемей, болашақ өркениетке қадам баса аламыз ба? Сондықтан кешегі күндері туған халқы үшін ерен еңбек еткен мұндай кесек тұлғаларға құрмет көрсетілуі тиіс. Бапан биге көше атын берудің астарында да осы құндылықтар жатыр», - деп атап өтті Б. Дүйсембинов.

            
Сондай-ақ, «Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің хатшысы Арман Сқабылұлы жас ұрпақты өткен тарихын қастерлеуге үйрету үшін қазаққа ортақ тұлғалардың есімдерін жаңғырту келелі іс екенін айта кетті.