18
Қазан

Көкпаршыларымыз «Көшпенділер ойындарында» келісіп ойнады ма?

18 қазан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» жетекшісі Азат Перуашев Мәжілісте өткен Дене шынықтыру және спорт туралы заң жобасын талқылау барысында бірқатар мәселелерге байланысты өз көзқарасын ортаға салды.

            

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуді, 100 спорт кешенін ашуды және жаңа спорт ғимараттарында мектеп оқушыларының спортпен тегін шұғылдануын қолға алуды тапсырды. Неліктен Заң жобасында бұл нормалар жоқ? «Ақ жол» фракциясы аталмыш заңға осындай талаптарды енгізетін болады», - деді депутат.

Ол мемлекеттік қаражатқа салынған кешендердің жеке меншік иелеріне беріліп, кейін олар жаттығулар үшін 5 мың теңгеден басталатын, қарапайым халық үшін қолжетімсіз бағаларды белгілегені жөнінде мысалдар келтіріп өтті.

«Сайып келгенде, бұл нысандар сол балалардың ата-аналары төлеген салықтарының есебінен салынады. Неліктен олардан ақша талап етіп, есіктерін тарс бекітеді? Бұл жерде бұқаралық спорт немесе қолжетімді спорт залдары туралы қандай сөз болуы мүмкін? Содан кейін барып әр жерден шетелдік легионерлерді шақырамыз», - деп өз ашуын жасырмады Перуашев.

«Лондонда өткен ойынды естеріңізге алсаңыздар – 7 бірдей алтын медаль! Елге үлкен қуаныш әкелді, әрбір жеңімпазға 250 мың доллар ақшалай сыйлық, пәтерлер, ордендер...»

Ал содан кейін допинг дауы, медальдардан айрылу, неткен қорлық еді..Манеза, Чишанло, Подобедова ... Олар ең құрмағанда өзіміздің отандастар болса игі еді, Қазақстанда бүкіл өмірін спортқа арнаған. Оларды не себепті елге тартты? Алатын ақшасын алып, кейін лақтырып кету үшін бе сонда?

Жақсы, болашақта сіздер сыйақыларды қайтаруды ұсынарсыздар, егер медальдарынан айырса. Ал, сіздер сол легионерлерден тым болмаса мемлекеттік наградаларды, ордендерді қайтарып алдыңыздар ма?», - деп сұрады ол. Вице-министр Сәкен Мұсайбеков допингті қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілген легионерлерден мемлекеттік наградалары қайтарылып алынбағанын айтты.

«Президент айтқандай спорт залдарын неге тегін етпеске, чемпиондарымызды өзіміз дайындап шығарайық», - деп түйіндеді Перуашев. – Мен сіздің министрліктеріңіз бейне бір жоғары жетістікті спорт түріне ғана емес, Сіздер балалар секциясынан бастап бұқаралық спортқа жауап берулеріңіз қажет».

«Ақ жол» жетекшісі сондай-ақ Министрлікті «Әділ ойынға» («FairPlay») қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізуге шақырды. Осы орайда қоғамның назарына ілігіп, түрлі әңгімелерге негіз болған Қырғызстанда өткен әлемдік «Көшпенділер ойындарында» қазақстандық көкпаршылардың өзбек командасынан ұтылып қалғаны жөнінде мысал келтіріп өтті. Бұл оқиға жұртшылық пен жанкүйерлердің күшті реакциясын туғызып, спорттық этика мәселелерінің бетін ашты.

«Министрлік келісіп алынған ойындарды назардан тыс қалдырмай, мұндай әділетсіздікке жол бермеуі керек. Дәл солардың кесірінен талантты спортшылар кетуде, елдің спорттық абыройына нұқсан келуде. «Ақ жол» фракциясы Заң жобасына спорттық этика жөнінде осындай ұсыныстарды енгізеді», - деп атап өтті Перуашев.

С. Мұсайбеков Көшпенділер ойындарында орын алған жағдай барып тұрған сорақылық екенімен келісті. «Біздің көкпаршылардың барлық көрсеткіштер бойынша өзбектерден жеңіліп қалуы мүмкін емес еді. Олар – әлемдегі ең мықтылары. Әрине, келешекте арнайы механизмдеріміз болуы қажет», - деп ол мәселенің маңыздылығын баса айтты.