22
Қазан

Санат жоқ 22.10.2018

Меруерт Қазбекова, «Ақ жол»: Елбасы Жолдауы келелі ойларға жетелейді

22 қазан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы өміршең мәселелерді көтеріп, әлеуметтік салада жақсы бастамаларды жүзеге асыруға ден қойып отыр. Қазір бұл Жолдауды елге түсіндіру бағытында Парламент депутаттары да жергілікті жерге келіп, арнайы насихат жұмысын жүргізуде.

           

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Ақмола облысына сапарын жергілікті партия филиалы активімен кездесуден бастады. Ол өз партияластары алдында сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауының биылғы жылдың айтулы оқиғасы екенін атап көрсетті. Орталық аппаратта бұл мәселе кеңінен талқыға түсіп, оны түсіндіру жұмысына жергілікті филиалдар да белсене қатысу керектігі мақсат етілген-ді.

Халық қалаулысы облыстық филиал Жолдауда көтерілген әр мәселені терең зерттеп, өз тарапынан ұсыныстар жасауы қажет. Актив мүшелері болып табылатын кәсіпкерлер қауымы да бұл істен сырт қалмауы керектігін еске салды.

Әрине, жергілікті жерде шешілмеген мәселелер өте көп. Оны шешу күн тәртібінде тұрғанын Елбасы өз сөзінде баса айтты. Енді бұған әр адам өз үлесін қосса, оны шешу жолдары да жеңілдейді.

Актив жұмысы аясында Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында филиалмен атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді. Парламентте қарастыру үшін депутаттық сауалдар дайындаудың маңызды екендігіне баршаның назарын аударды.