26
Қазан

Қазбекова салық қызметкерлерімен кездесіп, кәсіпкерлерге рақымшылық жасау жайын қаузады

26  қазан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Елбасының биылғы Жолдауында салықтарын уақытында төлей алмай, тығырыққа тірелген кәсіпкерлерге рақымшылық жасау қарастырылады. Бұл осы саладағы қордаланған мәселелерді шешуге жан-жақты ықпал етеді. Ақмола облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінде салық қызметкерлерімен өткен кездесуде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова осы жайлы әңгімеледі.

             

Жолдауда көтерілген рақымшылық жасаудың жай-жапсарын сұрап білді. Мәселен, «Көкшетау құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көп жылдан бері қарыз салық төлемдерін төлей алмай, бүкіл есеп шоты мен мүлкіне шектеу қойылғаны ауызға алынды.

             

Бұл аталған кәсіпорынның құрылыс жұмыстарындағы қарқынын бәсеңдетіп қана қоймай, тоқыратты десе де болады. Салық мекемесіндегі жиынға төрағалық еткен Көкшетау мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы Батырхан Кәрімов мемлекеттік мүддесі турасында өз ойын білдірді. Сондықтан Президенттің Жолдауы салық саясатына дана көзқарас қалыптастыратыны анық.

              

Салық қызметкерлері «Ақ жол» партиясының депутатына көп сауалдар жолдады. Онда күнделікті тұрмыстық түйткілдерге қатысты сұрақтар қойылып, оған барынша толық жауаптар қайтарылды.